Әлем жаңалықтары
25 тамыз 16:50
1 доллар тұратын пицца

Мэйсон Вортман – АҚШ-тың Филадельфия штатындағы кішігірім ерекше пицерияның иесі.

Ерекше деуіміздің себебі – ол пицериясына жеке валютасын енгізген, яғни түрлі-түсті стикерлерді кез-келген адам небәрі 1 долларға алып, орнына бір тілім пицца ала алады. Содан соң жақсы тілектер жазып, стикерді қабырғаға іліп кетеді.

Осылайша, пицерияның иесі аш адамдарды тойдырып, жақсылық жасауда.

Ең қызығы, ол түрлі-түсті «ақшалар» осыған дейін он мың рет қолданылып үлгерген.

Комментарии




Яндекс.Метрика