|    |  
17 қараша 2018
07:27
қаз
1 жарым жастағы сәби алкогольден уланып қалды
16 маусым, 10:18 791
Қостанай облысының Қарабалық ауданында бір жарым жастағы сәби алкогольден уланып, ес-түссіз күйде ауруханаға түсті.



""



Анасы сәби қараусыз қалған кезінде гараждан бір бөтелке вино ұстап шыққанын айтқан деп жазады Infomburo.kz.



«Бұл біздің отбасымыздағы үшінші бала. Ол өте жылдам қозғалады. Мен түскі ас дайындап, әкесі аулада жүргенде сәби қараусыз қалған. Кейін мен ұлымның гараждан бір бөтелке виномен шығып келе жатқанын байқадым. Дереу баламды ұйықтатып, бәрі жақсы болар деп ойлағам. Алайда, бәрі қиындай түсті», — дейді сәбидің анасы.



Бүгінде бала дәрігерлердің қадағалауында.
Теги: Главная
Жаңалықтар