23 Октябрь
12:08
Астана: 3 °C
Алматы: 14 °C
USD/KZT: 335.24
EUR/KZT: 395.82
RUB/KZT: 5.82
CNY/KZT: 50.65
Әлем жаңалықтары
9 қыркүйек 17:04
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

1 жасында есту қабілетінен айырылған қазақ қызы әсем әнімен әлемді таң қалдырды


Əйгерім 11 айлығында ауырып қалып, содан құлағы естімей қалған. 17 жасында бір жақ құлағы есту қабілетінен біржола айырылған. Соның бəріне қарамастан, ол орта және жоғары білім алып, тіпті ән де салып жүр. Бұл туралы “Жас Өркен” порталы хабарлайды.




Есту қабілетінен айырыла тұра, ән салу мүмкін еместей көрінеді. Ол 17 жасында кохлеарлы имплант аппаратын орнатып, соның көмегімен естіп, дұрыс сөйлеуді үйренген екен. Польшада өткен есту қабілеті нашар жандар арасындағы «Ритми улитки» байқауынан Əйгерім лауреат атанып қайтты. Үздік он орындаушы қатарына енді. Оның əнін тыңдаған дəрігерлер де, музыканттар да таңданыстарын жасыра алмады. Өйткені, құлақ мүкістігінің 4-дəрежесі (мүлде естімей қалған) диагнозымен əн айтпақ түгілі, дұрыс сөйлеу де мүмкін емес дейді мамандар.



Талапты да талантты жанға ештеңе де кедергі емес. Əйгерім соны дəлелдеді. Енді Əйгерім Ресейдегі «Мен əлемді естимін» («Я слышу мир») байқауына жолдама алды. 15 қыркүйек күні Петербор сахнасында өзімен тағдырлас таланттармен бақ сынасады.

Əнші қыздың ата-анасы – танымал əртістер. Ол – есімдері белгілі Нұржан мен Гүлшат Тұтованың тұңғышы. Қыздарының осы күнгі жетістігі үшін қалай күрескенін іштей бағамдай беріңіздер. Ал, біз Əйгеріммен əңгімелесе отырып, оның өмірге, өнерге деген құштарлығына разы болдық.



“Мен кішкентай күнімнен-ақ əн айтқанды жақсы көретінмін. Үй ішінде үнемі əндетіп жүретін əдетім бар. Өткенде бірінші рет əн орындағанымды видеоға түсіріп, оны инстаграмдағы парақшама салдым. Қызығы, осы видеомды Польшадағы «Ритми улитки» халықаралық əн фестивалінің ұйымдастырушысы байқап қалыпты. Маған хабарласып, Варшавадағы байқауға қатысуға ұсыныс айтты. Мен қуана-қуана келістім. Құлағымдағы кохлеарлы имплант (КИ) аппараты – MED-EL компаниясының өнімі. Байқаудың негізгі ұйымдастырушысы да осы компания екен. КИ – есту қабілетін қалпына келтіретін протез. Сол MED-EL компаниясы барлық қатысушылардың жолақысын өздері төлеп, əндерін де арнайы студияларда жазуға көмектесті”, – дейді Әйгерім.

Әйгерім сайыс барысында үздік ондықтың қатарына кіріп, гала-концертте Кристина Агилераның репертуарындағы «Hurt» атты əнді орындаған.

“11-сыныпта күрделі отаға тəуекел еттік. Бір ай сабақтан қалдым. Отадан соң түрлі мамандармен күнделікті жұмыс жасап, дыбыстарды ажыратуды, дұрыс сөйлеуді үйрендім. Ол шақта қанша жерден əн айтқым келсе де, айта алмадым. Оның бəрі арман еді. Аз жылдың ішінде талмай еңбектенудің арқасында қатесіз əн айта алатындай дəрежеге жеттім. Құлағы естімей қалған жандардың үлкен сахнада əн салуы – зор жетістік”, – дейді ол.



Дереккөзі: “Жас Өркен” порталы
нравится:    4504
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии