Тасс агенттігі хабарлайды">
18 Июль
22:12
Астана: 23 °C
Алматы: 24 °C
USD/KZT: 344.58
EUR/KZT: 400.51
RUB/KZT: 5.47
CNY/KZT: 51.30
Әлем жаңалықтары
3 желтоқсан 17:24
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​10-20 жылдан кейін Жапонияның жұмыс күшінің жартысын роботтар алмастыруы мүмкін
Жасанды интеллектілі робаттар 10-20 жылдан кейін  әрбір үшінші жапондықтың қызметтерін атқара алатын болады.  Номур зерттеу институтының баяндамасында роботтардың супермаркет қызметкерлері, таки жүргізушілері, қонақ үйде тазалаушысы, күзетші қызметтерін атқара алатын қабілеттері туралы айтылды. Бұл туралы Тасс агенттігі хабарлайды.

Thinking robot

Номур институтының сарапшылары Жапонияда кең тараған кәсіптерге қажетті дағдылар мен білімдерді талдаудан өткізген. Робототехникаларды даму болжамдары бойынша болашақтағы жасанды интеллекті аппараттар 601 жұмыс түрінің 235-ін мүлтіксіз орындай алатындығын көрсетті. Қазіргі уақытта  мұндай жұмыстармен шамамен 25 миллион адам, яғни Жапонияның  49 пайызы қамтылған.

Алайда қанша жерден интеллектісі жоғары болса да роттар жасай алмайтын жұмыстар жетерлік екен. Олар мұғалім, экскурсовод, дәрігер және шаштаразшы т.б. адамдармен қарым-қатынастар орнататын мамандықтарды мүлде игере алмайды-мыс. Жалпы бұл зерттеу   Жапония халқының жылдам қартаю проблемаларымен тікелей байланысты.

Еске сала кетейік, Жапония халқы жылдам қартайым келе жатқандықтан, болашақта  елде жұмыс күшінің жетіспеушілігі байқалуы ғажап емес. Мамандардың болжамынша, қазіргі демографиялық ахуал сақталған жағдайларда, 2040 жылға қарай  елдің 65 жастан асқан тұрғындар саны  жалпы халықтың 36 пайызын құрауы мүмкін.
 
нравится:    909
Теги: Главная, Технология,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Читайте также:

Комментарии