20 Август
02:39
Астана: 11 °C
Алматы: 14 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Кербез
14 қазан 11:16
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

10 минутта пицца дайындау тәсілі

Қамырына:


450 г ұн
2 ас қасық зәйтүн майы, пиццаға жағу үшін тағы керек болады
350 мл жылы су
тұз
ашытқы

Салмасына:

5 ас қасық  ащы томат соусы,  немесе 100 мл  кәдімгі томат соусы мен ұсақталған сарымсақты араластырыңыз
8 қызанақ
Ірімшік (сыр) немесе  пармезан ірімішігін (сыр) үгітіп алу

Дайындалуы:

Қамырын дайындау  үшін 450 г  ұнға 2 шай қасық тұз, ашытқы қосу қажет. Ал май мен суды бөлек  ыдысқа дайындап аласыз, содан кейін ұнның үстінен  аздап құйып, ағаш қасықпен , араластырып тұрыңыз. Қамырыңыз тым сұйық болып кетпесін. Араластырып болғанан соң 15 минут уақыттай қамыр тұра тұрсын.  Сосын барып дастарханға кішкене ұн сеуіп, қолыңызға да аздап ұн жағып алыңыз да  қамырды 2  минуттай илеңіз. Қамырыңыз жабысқақ болмауы керек, жұмсақтау қылыңыз.

 Қамыр көтерілуі үшін  қайтадан ыдысқа салып, бетін жауып  қойыңыз  немесе ертең әзірлейтін болсаңыз,  осы қалпында  түні бойы тоңазтқышта тұрсын.

Енді барлығы дайын болғанда  220-240 градусқа пешті қызыдырып, жоғарғы қабатына табаны қойып қойыңыз. Содан кейін  дастарарханға ұн сеуіп алыңыз. Қамырды 8-ге бөліп, әрбіреуін ұнда илеп аласыз. Соусты  бір қабат етіп жағып, туралған қызанақ қосып, үстінен үгітілген ірімішік( сыр) немесе пармезан сеуіп  шығыңыз. Пиццаны  қаңылтыр табаға салып,  пештің жоғарғы  қабатына қойыңыз. 12  минуттан кейін немесе қызарғаннан соң кішкене зәйтүн майын тамызып жіберсеңіз  дәмі ерекше  болады.

Асыңыз  дәмді болсын!

anabol.kz

 
нравится:    765
Теги: Ас мәзірі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии