21 Октябрь
00:01
Астана: 7 °C
Алматы: 8 °C
USD/KZT: 335.24
EUR/KZT: 395.82
RUB/KZT: 5.82
CNY/KZT: 50.65
Әлем жаңалықтары
21 қараша 18:37
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

100 мың жылда бір қайталанатын құбылыс: Ай Қағбаны айналып тәу етті


Кеше түнде Ай... тəуап етті Қағбаға,
Құшып сүйді жеті рет айнала.
Балқыды кеп, ерекше бір нұрлана,
Толқыды көп, тұрды қимай қинала.
Қасиетті Қағбаменен қоштасу –
Қиын екен адам тұрмақ Айға да.
Жүз мың жылдан кейін қайта келем деп...
Бұрып бетті, жүзіп кетті жай ғана...

Қараша айының 18-нен 19-на қараған түні шамамен түнгі сағат 3.25-те  керемет табиғат құбылысы болды. Аспандағы Ай қасиетті Қағбаны айналды, деп хабарлайды "Айқын" газеті.

Айдың Қағбаны айналуы енді 100 000 (жүз мың) жылдан кейін қайталанады екен. Сол түні аспан жарық нұрға, көгілдір қызғылт шуаққа шомылып тұрды. 

Ай Қағбаны айналғанда Алладан тілеген тілек түгел орындалады деген сенім бар. Мұсылмандар бұл күні «Астағфируллаха Рабби мин кулли занбин уа атубу иляйһи» деп дұға жасап, Аллаға күнәларының кешірілуін сұрап жалбарынады. «Фатиха» сүресін 11 рет оқып, жарылқау тілейді.

Қағба – қара жердің ғана емес, күллі ғарыштың орталығы. Он сегіз мың ғалам бір Аллаға сәжде етеді. Қағбаның төбесінде Аршы мен Күрсі (Құдайдың тағы) және жеті қабат аспан мен жеті қат жер бар делінеді. Ғалымдардың айтуынша, бұлар – Жердің жеті серігі, планетамыздағы жеті аспан денесі.Қағба – араб тілінен сөзбе-сөз аударғанда құрметтелген, ұлы, үлкен жер деген мағына береді. Сонымен бірге «Ең ежелгі, ең бірінші» және «Байтуль Харам», яғни «Қасиетті үй» деген мағынасы бар. Мұсылмандар намаз оқығанда Қағбаға қарап тәу етіп, ұйықтағанда, тіпті қайтыс болғанда да бетін құбылаға қаратуының бір себебі де осында.  Қажыға барғандардың Қағбаны сағат тіліне қарсы жеті рет айналуы да он сегіз мың ғаламның айналуын білдіреді.Электроникадан бастап галактикаға дейін дәл осылайша қозғалады. Тәуап етушілердің  Қағбаны сағат тіліне қарсы айналуында да үлкен сыр бар.

Адам денесіндегі қан сағат тіліне қарсы айналады.
Атом электрондары ядроны сағат тіліне қарсы айналады.
Ай өзінің осін сағат тіліне қарсы айналады.
Жер өзінің осін сағат тіліне қарсы айналады.
Жер Күнді сағат тіліне қарсы айналады.
Күн жүйесіндегі планеталар Күнді сағат тіліне қарсы айналады.
Ғарыштағы бүкіл галактикалар сағат тіліне қарсы айналады.

Пайғамбарымыздың: «Кімде-кім Қасиетті Қағбаға қажылық міндетін өтеу ниетімен келіп, күнә мен жағымсыз істерден сақтана отырып қажылығын өтесе, анасынан туғандай күнәдан пәк күйде үйіне оралады» деген хадисі, бәлкім, Жердің осін айналғанда діндарлардың бой-басынан жағымсыз ақпараттың жуылып кететінімен байланысты да шығар.

Әлем жұрты куә болған ғажайып құбылыс –  Айдың қасиетті Қағбаны айналуы енді жүз мың жылдан кейін ғана қайталанады!


Дереккөзі: "Айқын" газеті
нравится:    2325
Теги: Әлемде талай қызық бар, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии