13 Декабрь
09:45
Астана: -27 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 334.85
EUR/KZT: 394.29
RUB/KZT: 5.69
CNY/KZT: 50.60
Әлем жаңалықтары
23 ақпан 11:53
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

106 жастағы әйелдің Обамамен биі көпшілікті таң қалдырды


21 ақпан күні американдық азаматша Вирджиния МакЛорин АҚШ Президенті Барак Обамамен және оның зайыбы Мишельмен кездесті. Бұл туралы Новое Времяға сілтеме жасаған МИР хабарлап отыр.
Кейуана АҚШ Президенті және оның зайыбымен кездескеніне өте қуанышты болды. YouTube-та жарияланған видеода қарт әйелдің қуаныштан Мишель Обамамен билеп жатқаны көрініп тұр.
Барак Обама мен оның зайыбы қарт әйелмен 21 ақпан күні афроамерикандықтардың АҚШ тарихына қосқан үлесін атап өту оқиғасына байланысты шарада кездесті. Кездесу кезінде кейуана АҚШ тарихындағы тұңғыш қара нәсілді президент пен оның зайыбы Мишель Обаманы көріп отырғанына бақытты екенін атап өтті.
Ақ үйдің Facebook-тағы парақшасына да салынған бұл видеоның 20 млн. жуық рет қаралғаны атап өтіледі. Әлеуметтік желілердің пайдаланушылары бұл кездесуге оң көзқарасын білдірді. 


 
нравится:    961
Теги: Саясат, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии