Әлем жаңалықтары
13 ақпан 15:16
11 айлық баланың ішінен 16 болат ине табылған
11 айлық баланың ішінен 16 болат ине табылған. Аталмыш жан түршігерлік оқиға Өзбекстан мемлекетінде орын алса керек.

Шақалақтың анасы нәрестесінің іші ауырған соң дәрігерлік тексеріске келген екен. Анасының пайымынша бала дәрет сындыруға қиналған. Жіті тексеріс барысында дәрігерлер қайран қалады.



Мұның басты себебеі мынада: дәрігерлер 11 айлық баланың ішінен бірнеше темір ине тауып алған. Алғашында бұл инелерді баланың өзі жұтып алған деген үкім шығады.

9 сағатқа созылған отадан соң баланың ішінен барлық инелер алынып шығады. Алайда шақалақтың қазіргі жай-күйі ауыр һәлде. Дәрігерлер иненің әр жерде орналасқанын ескеріп, мұны жұту емес, арнайы тоғытылған иноденелік обьектілер деп отыр.

Аталмыш оқиғаға қатысты қылмыстық іс ашылған. 

Дереккөзі: Life.ru 

Комментарии




Яндекс.Метрика