|    |  
22 ақпан 2020
19:49
қаз
11 сынып оқушылары бірнеше мектепті «миналап» тастаған
30 қаңтар 2020, 14:45 230
Киевте 17 жастағы мектеп оқушылары бірнеше мектепке «мина қойылғаны» туралы полицияға хабар берген.


 
Құқық қорғау органдары оқиға орнына қызметтік иттермен, арнайы техникамен шыққан. Құтқарушылар мен дәрігерлер барған. 
 
Оқу орындарынан 1500 оқушы мен барлық мұғалімдер, қызметкерлер шығарылған. Бірақ құқық қорғаушылар мектеп пен іргелес аумақтарды тексеріп, ешқандай жарылғыш зат таппаған.



Екі жасөспірім сол мектептердің бірінің оқушысы. Олар осылайша әзілдегісі келгендерін айтқан. Қазір қылмыстық іс қозғалған.

Дереккөз: Politeka


Жаңалықтар