|    |  
23 тамыз 2019
05:24
қаз
13 жастағы қыз қайтыс болғаннан кейін 8 адамның өмірін құтқарып, рекордшы-донор атанды
08 қыркүйек 2017, 17:25 33
Ол донор болғысы келетінін өлерінен бір апта бұрын ғана ата-анасына айтқан. Хортон қаласының кішкентай тұрғыны Джемайма Лэйзель ата-анасына: «Егер мен бір жағдайларға душар болсам, өз дене мүшелерімді басқа мұқтаж адамдарға бергім келеді», - деген.



Мұны естіген ата-анасы қызының батыл шешіміне риза болған. Ол кезде қыздың денсаулығына ешқандай қауіп төнбеген.

Донорлық туралы әңгіме қыздың досы көлік апатынан қайтыс болғаннан кейін басталды. Бұл әнгіменің астарыңда бір мән бар екенін ол кезде жақындары сезбеген, деп хабарлайды Daily Mail.



Бір апта өткен соң Джеймидің басы қатты ауырып, бөлменің қақ ортасында есін жоғалтып құлап түскен. Дәрігерлер қан тамырларының аневризмасы деген диагноз қойды. Төрт күннен кейін қыз қайтыс болды.

Ата-анасы Софи мен Харви қыздарының соңғы тілегін орындап, 8 адамның өмірін құтқарып қалды. Әзірше, донорлық тарихында бұл оқиға ерекше орын алып, рекорд орнатып тұр.

Дереккөз: Life.ru


Жаңалықтар