13 Декабрь
21:06
Астана: -25 °C
Алматы: -5 °C
USD/KZT: 334.85
EUR/KZT: 394.29
RUB/KZT: 5.69
CNY/KZT: 50.60
Әлем жаңалықтары
6 қазан 09:33
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

1952 жылдан бері тырнағын өсіріп келе жатқан үндіс рекордтар кітабына енді

Үндістан тұрғыны Шридхар Чиллал әлемдегі ең тырнағы ұзын адам ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді. Бұл жайында The Daily Mirror хабарлады. 

Ер азамат сол қолындағы саусақтарының тырнағын 1952 жылдан бері алмай, өсіріп келеді екен. Оның тырнақтарының жалпы ұзындығы 909,6 сантиметрді құраған (ең қысқасы 164,5 сантиметр, ең ұызыны 200 сантиметр).

Чиллалдың айтуынша, оның ұзын тырнақтары өте нәзік, кез-келген уақытта сынып қалуы мүмкін. Сондықтан ол ұйықтаған сәтте барынша қимылсыз жатуға мәжбүр.

Тырнақтарының ұзындығына байланысты Чиллалды еш жер жұмысқа қабылдамаған. Ол тіпті, үйлене де алмапты. Бірақ, Гиннестің рекордтар кітабына енуім барлық қиындықты жуып-шайды дейді ол.

"Мен өз ерекшелігіме байланысты ешқашан кезек күтіп тұрған емеспін, оның үстіне жұртшылықтың назарында болу маған ұнайды" дейді Чиллал.

Бүгінде оның жасы 78-де. Сол қолындағы саусақтары 62 жылдан бері өсіп келеді және бірде-бір рет қайшы тимеген. Енді көздеген мақсатына жеткен соң ол тырнақтарын алып, мүзейге өткізуді жоспарлап отыр. 

​Baq.kz 
нравится:    1528
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии