19 Октябрь
08:00
Астана: 5 °C
Алматы: 4 °C
USD/KZT: 333.57
EUR/KZT: 391.81
RUB/KZT: 5.81
CNY/KZT: 50.37
Әлем жаңалықтары
23 қыркүйек 10:14
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

2,33 метрге жеткен жігіттің бойы әлі де ұзарып барады (фото)
Американдық Брок Браунға небәрі бес жасында «алыптық» диагнозы қойылған. Жуырда 19 жастағы бозбаланың бойы – 2 метр 33 сантиметрге жетіп, рекорд орнатты. Әлемдегі ең бойы ұзын жеткіншек (18 жасқа дейінгі балалар арасында) атағына ие болған жігіттің бойы әлі де өсіп келеді. Жылына оның бойына 15 сантиметрдей қосылады.



Броктың бойы әрі қарай да өсе берсе, жақында ол әлемдегі ең ұзын адам – Сұлтан Кесеннен асып түседі, оның бойы – 2 метр, 51 сантиметр.


Суретте: Брок және оның отбасы – әпкесі Стейси, анасы Дарси және әжесі Джой.

Жігітке небәрі бес жасында «Сотос синдромы» немесе «церебральді алыптық синдромы» диагнозы қойылған. Сол кездің өзіңде-ақ, дәрігерлер бұл балада жасөспірімдік кезеңнің болмайтынын айтқан. Бұл туралы Daily Mail басылымы хабарлаған.



Бұл – емдеуге келмейтін, тұқым қуалайтын ауру. Шынына келгенде, күндердің күнінде Броктың бойының өсуі тоқтай ма, жоқ па, ол да белгісіз.


Суретте: бес жасар Брок қатарластарымен

Алыптықтан бөлек, Броктың оқу барысында жаңа дүниелерге машықтануы қиын әрі жүрегі ауырады. Жігіттің омыртқасы қисайып, омыртқа өзегінің стенозына шалдыққан (орталық омыртқа өзегінің тарылуы).


Суретте: Брок өзінің немере қарындасы Саваннамен

Броктың денсаулығында кінарат болса да, дәрігерлер оның басқалар сияқты қалыпты және ұзақ өмір сүруіне мүмкіндік бар дейді.



Туылған кезде Броктың бір ғана бүйрегі болған. Сол себепті үнемі арқасы ауырса да, ол ауруды басатын дәрі қабылдай алмайды.

«Арқамнан алып теннис ракеткасымен ұрып жатқандай сезінемін. Дәрігерлер менің ауруымды басатын дәрі тапса екен деп армандаймын», – дейді жігіт.



Жуырда Брок анасы Дарсимен бірге Арканзан балалар орталығының маманына жүгінді. Дәрігер Брэдли Шафер жігіттің ауруына қатысты ешқандай көмек бере алмағанымен, Броктың да кез келген басқа адам сияқты ұзақ өмір сүруі мүмкін екенін айтып, қуантты. Ал негізінде алып адамдар ұзақ өмір сүрмейді екен.



Броктың ұзын бойы қаржылық жағынан да қиындық туғызады. Себебі киім, аяқ киім, тіпті шұлықтың өзі тапсырыспен тігіледі. Ал Брокка арналған керует пен жиҺазға мың доллар көлемінде ақша жұмсалған.



Анасының айтуынша, жергілікті билік өкілдері оларға қол ұшын беріп тұрады. Бірнеше рет ақша жинап берген билік өкілдері Броктың отбасына шамамен 10 мың доллардай тарту еткен. Қаражаттың барлығы Броктың киімі мен аяқ киіміне жұмсалған.



Ештеңеге қарамастан, Брок пен оның анасы өте бақытты әрі болашаққа үлкен үмітпен қарайды. Жігіттің ендігі мақсаты – ел қатарлы жұмыс істеу. Мәселен, спорт тауарлары дүкенінде жұмыс істесем дейді өзі. Ал Дарси ұлына қысастық жасағысы келмейді, ана ретінде оның да ойлағаны – перзентінің бақыты.

Орта мектепте оқып жүрген кезінді Броктың бойы – 182 см болған.



Айта кетейік, аталған ауруларынан бөлек, жігіт ашуын бағындыра алмады және ол үнемі жақындарының көңіл аударуына зәру.

Ал Дарси: «Ұлым ақжарқын әрі өте мейірімді жігіт. Оның жүрегі де дәл денесі секілді үлкен», – дейді.


Дарси мен дүниеге жаңа келген Брок







Дереккөзі: stan.kz
нравится:    1794
Теги: Әлемде талай қызық бар, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии