18 Июнь
22:58
Астана: 20 °C
Алматы: 24 °C
USD/KZT: 338.78
EUR/KZT: 392.82
RUB/KZT: 5.35
CNY/KZT: 52.62
Экономика
18 қазан 10:34
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

20, 30 және 40 жаста қаражатты қайда салу керек?
Талмай еңбектенудің арқасында ақшаңыз артыла бастады ма? Ендеше оны бекер шашпаңыз. Әр жаста қаржыны қайда салу керектігін білген абзал.


 
Сонымен 20 жаста қай салаға инвестиция салу керек?
 
Білімге
 
Білімсіз ешкім алысқа бармайды. Көп қаражат та таба алмайды. Сондықтан жас кезде көбірек білім алған жөн. Бұл жаңа білім алуға, жаңа адамдармен танысуға жол ашады.
 
Қауіпсіздік
 
Бұл бас қауіпсіздігі емес. 25-30 жасқа дейінгі кезең тұрақсыз кезең. Себебі жастар қалыптасып, жолын таңдап үлгермейді. Кез келген жұмыста қысқарту бола қалса бірінші жастар жұмыстан кетеді. Тіпті басқа қалаға ауысуыңыз мүмкін. Сондай сәттерде 2-3 айға жететін қаражат болуы шарт. Бұл жаңа қалаға барғанда пәтер жалдауыңызға, жаңа жұмыс тапқанша күн көруіңізге қажет.
 
 
Акцияларға
 
Артық ақшаңыз болса өсімі жоғары акцияларға салуға болады. Бірнеше жылдан кейін қанша қаражат жиналғанын көресіз.
 
 
Франшизаға
 
Франшиза — бұл дайын бизнестің жобасы. Оны дамытуға барлық жағдай жасалып қойған. Бірақ бұл кезде бизнесті тек сіз таңдамайсыз. Сізді де таңдайды. Демек сіз ережелер мен талаптарға сай келуіңіз керек.
 


30 жаста қай салаға инвестиция салу қажет

 
Тұрақты қорға
 
Бұл сомаға бір отбасы 6 ай күн көре алуы керек. Қаражатты банкке депозитке салған дұрыс. Ай сайын пайызы түсіп тұрады.
 
Жинау
 
Егер жақын арада қаражат қажет болмаса банкке белгілі бір мерзімге депозитке салып қою керек. Мұнда мерзімінен бұрын шеше алмайсыз. Есесіне пайызы жоғары. Және ай сайын үстінен толықтырып отыру мүмкіндігі болуы керек. Соны да қарастырған абзал.
 
Ипотекаға жылжымайтын мүлік алу
 
Өзіңіздің тұратын үйіңіз болса, екінші үйдің алғашқы жарнасын жинап, ипотекаға алуға болады. Алған үйді жалға беріп қойып, ай сайынғы төлемін шығарып отырасыз.
 
Жеке бизнеске
 
Бұрын франшизада жұмыс істеп көрген болсаңыз немесе жеке бизнес ашуға талаптанып көрген болсаңыз осы сәт дәл соны қолға алатын уақыт. Кәсіпорынды жаңадан ашудың қажеті жоқ. Дайын компанияны сатып алуыңызға болады. Мысал үшін сән салоны, ғаламтор дүкендері, шағын дүңгіршектер және т.б. Мұндай бизнесте штаты қалыптасқан, тауар жеткізушілер мен клиенттері бар. Мұнда тек табыстың тұрақтылығына, құжаттардың дұрыстығына назар аудару қажет.
 

 
40 жаста қай салаға инвестиция салу керек
 

Зейнетке
 
Үкіметке үміт артып отыра беру ақымақтық. Сол себепті қарттық кезең үшін қам жасау қажет. Сол үшін арнайы есепшотқа немесе ұзақ мерзімді депозитке қаражат құйып отырыңыз.
 
Алтын алу

 
Зергерлік бұйымдар мен әшекейлер емес, құймалар немесе тиындар алыңыз. Зергерлік бұйымдарда таза алтынның құнына әшекейді жасаған шебердің жұмыс ақысы қосылады. Кейін ол алтындарды сатқанда өз құнын ақтамайды.
 
Венчурлік қорлар
 
Венцурлік қорлар клиенттерінің қаражатын инновациялық кәсіпорындар мен стартаптарға салады. Бұның қатері де бар. Кей жағдайда кішкентай компания Google немесе Apple сынды алпауыт компанияға айналуы мүмкін. Сол кезде сіз пайданың астында қаласыз.
 
Ипотекасыз мүлік алу
 
Пәтер сатып алып, жалға беру пассивті кіріс көзі. Қосымша табыс ретінде ай сайынғы кірісіңізді ұлғайтады. Ал пәтердің өзі болашақта құны өсуі мүмкін актив болып табылады.
 
Денсаулыққа
 
35 жастан кейін денсаулық бұзыла бастайды. Сондықтан дәрігерлік тексеруден өтіп, денсаулыққа көңіл бөлген дұрыс.


 
Дереккөз: Лайфхакер
нравится:    215
Теги: Нарық және тұрмыс, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте также:
Загрузка...

Комментарии