17 Август
23:33
Астана: 20 °C
Алматы: 18 °C
USD/KZT: 332.68
EUR/KZT: 389.40
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.85
Мәдениет
21 маусым 16:48
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

20 егіз жаңа бейнебаянға түсті


Өткен бағдарламалардың бірі Cardio Beat тобы отанына кезекті бейнебаянын таспалауға келгенін айтқан едік. Оны талантты клипмейкер Медет Шаяхметов түсірді. Түсірілім барысының қалай өткенін режиссер арнамызға келіп баяндап берді.



Медет Шаяхметов, клипмейкер: "Маған Cardio Beat тобындағы Вова хабарласып, жаңа әні бар екенін және оған бейнебаян түсіргісі келетінін айтты. Әнді тыңдап көрдім. Туынды қатты ұнап қалғандықтан, қызықты бейнеклип түсіргім келді".

Медетке ұнаған ән «Сверчки» деп аталады. Режиссер бейнеклипті түсіру үшін бір ай бойы дайындалыпты. Ал, түсірілім үш күнге жалғасты. Оны қызықты қылып шығаруға Медет бар күшін салды.



"Бейнебаянның ерекшелігі болу үшін егіздерді түсіруді жөн санадым. Ешқандай компьютерлік графиканы қолданбай, таспалағым келді. Неге бүкіл қаланы егіздермен толықтырмасқа деп ойладым",-дейді Медет.

Сондықтанда, егіздерге кастинг жариялады.

Медет Шаяхметов: "85 жұп түсірілімге қатысқысы келіп ұсыныс жасады. Ол дегеніміз 170 адам. Оның ішінен 20-ты жұпты таңдадым".

Осыншама жан атсалысқан туынды келер айдың ортасында жарық көреді. Күтейік.





Дереккөзі: gakku.kz
нравится:    847
Теги: Музыка,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии