18 Август
05:09
Астана: 16 °C
Алматы: 13 °C
USD/KZT: 332.68
EUR/KZT: 389.40
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.85
Әлем жаңалықтары
16 маусым 14:12
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

20 мың ара зәулім ғимаратқа ешкімді кіргізбей қойды
Нью-Йорк қаласының іскерлік орталығы, әлем қаржысы айналып жататын Манхэттендегі төбесі көк тіреген Vox Media ғимаратының кіреберісіне 20 мың ара жабысып, адамдардың ішке өтуіне кедергі келтірген.

Бұл видеоны Verge Science жаңалықтар порталы Facebook әлеуметтік желісінде жариялаған екен. 

Осы аз уақыт аралығында бұл видеоны 154 мыңнан аса адам тамашалап үлгерген.

Аталмыш ақпарат көзінің дерегіне қарағанда, аралар өздерінің көсемі ханшайымның соңынан ерген. Нью-Йорктегі аптап ыстықтан салқын жер іздеген аралардың тапқан жері Vox Media ғимараты болды. Жәндіктерді омарташылар келіп, арнайы жәшікке салып, жинап алды.

Айта кетейік, 2010 жылы бұл мегаполисте ара бағуға рұқсат берілген болатын. Қала тұрғындары араны көбінесе үйлерінің шатырында бағады.


http://aqmeshit-aptalygy.kz/20-my-ara-z-ulim-imarat-a-eshkimdi-kirgizbej-ojdy-video/
нравится:    90
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии