17 Декабрь
23:49
Астана: -18 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Әлем жаңалықтары
26 қараша 11:33
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

20 жыл ішінде табиғи апаттардан 600 мыңнан астам адам көз жұмған
Соңғы 20 жыл ішінде ауа-райының құбылуынан болған табиғи апаттардан 600 мыңнан астам адам көз жұмған. Ауа-райының қолайсыздығынан туындаған экономикалық залал триллион долларды құрап отыр, деп хабарлайды Gazeta.ru.

Әлем бойыша соңғы 20 жылдың ішінде ауа-райының тосын мінез танытуынан 600 мың адам көз жұмды

«Соңғы 20 жыл ішінде болған табиғи апаттардың басым бөлігі АҚШ-та тіркелді. Сондай-ақ, Қытай және Үндістан елдерінде де адамдар көп зардап шекті. Аталмыш елдерде миллиондаған азаматтың өміріне қауіп төндірген су тасқыны бірнеше рет болғанын ескеру керек»,- делінген БҰҰ есебінде.

20 жыл ішінде ауа-райының өзгерістеріне байланысты орта есеппен алғанда 335 апат тіркелген. Көрсеткіш алдыңғы онжылдыққа қарағанда екі есе өсті.

«Болашаққа жасалған болжамдарға сүйенсек, ауа-райының жағымсыз өзгерістері әрі қарай жалғаса бермек. Демек, апат қатері де үдей беруі заңдылық»,- деп жазылған баяндамада.

БҰҰ ұсынған мәліметтер 30 қарашада Парижде өтетін климат өзгерістері мәселелері жайлы конференция алдында жарияланып отыр.

Дереккөзі: http://islam.kz/
нравится:    717
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии