21 Сентябрь
12:49
Астана: 22 °C
Алматы: 19 °C
USD/KZT: 341.61
EUR/KZT: 410.27
RUB/KZT: 5.90
CNY/KZT: 51.98
Әлем жаңалықтары
29 желтоқсан 14:30
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

2015 жылы әлеуметтік желіні шулатқан ең атышулы оқиғалар
2015 жыл атышулы оқиғаларға толы болды. Олардың дені әлеуметтік желідегі жазбадан кейін туындап жатты.



Әлеуметтік желілерде ұлтаралық араздық тудыру 

03-1_7b27e3ea

2015 жыл бірден жағымсыз жағдайдан басталды. Алматы тұрғыны Татьяна Шевцова-Валованы ұлтаралық араздық тудырғаны үшін тұрғындар сотқа берді. Келіншекті айыптауға Facebook-тегі пайдаланушылардың шағымдары себеп болған.

Олар Татьянаның жеке парақшасындағы сөздер ар-намысына тіл тигізеді деп санаған. Татьяна жазбаны өзі салмағанын қанша дәлелдемек болса да, сот оны айыпты деп тауып, Қылмыстық кодекстің 164 бабы бойынша 4 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырды.

“Әліби ісі”

14331575426zbxy

Әліби ісін” жылдың ең шулы оқиғасы деуге болады. Астаналық Нұрлан Жұмағұловтың 24 жастағы баласы Әліби соққыға жығылған соң әлеуметтік желіге көмек сұрап жариялаған жазбасы жұртты дүрліктіріп, наразы пікірлерге ұласты. Белсенділер істің «коррупциясыз» тексерілуін талап етеді.

Соққыға жығылған жігіттің әкесінің SOS-үндеуін желідегі әлеумет бірден қолдап, оның жазбасын 200 мыңнан аса адам қайта жариялаған.

Тамыздың 7 күні Астана қаласының қылмыстық істер бойынша арнайы ауданаралық соты “Әліби ісі” бойынша үкім шығарды.

Сот шешімі бойынша айыпталушы Қайрат Жамалиев мүлкі тәркілене отырып, 13 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді.

Ардагердің фотосымен болған жанжал

ардагер1111

Атырау облысы әкімінің орынбасары Сәлімжан Нақпаев түскен сурет әлеуметтік желілерде қызу талқыға түскен.

Ғаламторда жарияланған фотода соғыс ардагерінің жаңбыр астында тұрып, ал қасындағы Атырау облысы әкімінің орынбасары Сәлімжан Нақпаевқа көмекшісі қолшатыр ұстап тұруы көпшіліктің ашуын келтірген болатын.
Әкім орынбасары бұл фото Сәлімжан Нақпаевтың көмекшісі Әсет Үмбетов қолшатырды ардагерге енді апармақшы болған сәтте түсірілген деп ақталды.

«Бұл мен енді ардагерге қолшатыр ұсынуға жақындай бергенде түсірілген фото болатын. Кейін мен ардагердің қасына келіп, оған қолшатыр ұстап тұрдым. Не себепті аталған фотоның жоқ екенін білмедім. Жаңбыр мен жел үдей түскесін, екпінінен бүркеу ниетімен араларына тұрған болатынмын (ардагер мен Нақпаевтың — Dixinews ескертпесі). Қазір мен өзге фотоларды да беруін сұрап, Жылыой ауданына байланысқа шығуға тырысудамын», — деп түсіндірді әкім орынбасары.

 “ЭКСПО-2017″: коррупциялық жанжал

1341468457_ermegiyaev-zp-17.04.12
Жемқорлыққа жол берді деген күдікке биыл ЭКСПО-ның бұрынғы басшысы Талғат Ермегияев та ілікті. Аса ірі көлемде ақша жымқырды деген айыппен бірден 10 адам қамауға алынған болатын. ЭКСПО-ға бөлінген 4 миллиард 200 миллион теңгені қалтасына басты деп күдіктелген Талғат Ермегияев тек үйқамаққа алынды. Осымен үш рет кейінге шегерілген бұлтартпау шарасының мерзімі тағы да ұзартылды.

Тиісті он жылдың тек үш жылын ғана қатаң режиміндегі колонияда өтеп, шартты түрде босатылған Кедендік бақылау комитетінің бұрынғы төрағасының басы биыл да дауға қалған еді. Тек бұл жолы Серік Баймағанбетов айыпталушы орындығынан арызданушыға айналды. Колония қызметкерлерінен «жәбір көрдім» деген экс-басшы түзету мекемесімен тағы соттасқан болатын.

Әзірге Талғат Ермегияев пен өзге күдіктілер айыптау қорытындысымен танысып жатқан көрінеді. Сондықтан соттың қашан басталатыны белгісіз.

“МУЗ-ТВ” жүлдесі



«Муз ТВ» жүлдесін ұйымдастырушылар шоу-бизнес жұлдыздарымен бірге қызыл кілемге шығасыңдар деп уәде берген балаларды көптеген дайындықтан соң «сахна сыртында» қалдырған. DARA қайырымдылық қорының негізін қалаушы Гүлнар Досаева бұған Білім министрлігінің шенеуніктерін кінәлады.

Мүмкіндігі шектеулі балаларға қол ұшын беретін DARA қайырымдылық қорының негізін қалаушы Гүлнар Досаева сахнаға шығамыз деп сенген кішкентайлардың үміті ақталмаған соң әбден көңілдері қалғанын өз Facebook парақшасында мәлімдеген.

Досаеваның айтуынша, балалар іс-шараға толықтай дайын болып, шығу сәтін тағатсыз күтумен болған. Алайда шоуға шығуға бір сағат қалғанда олардың орнына өзге балалар шығатынын айтқан.

Головкиннің әуежайдағы жанжалы

golovkin_vs_macklin_1_20130629_1224393400

Атақты боксшы Астанаға отбасымен бірге ұшып келгенде әуежай қызметкері оны VIP-зал арқылы өткізуден бас тартыпты.

«Головкин ақшасын төлемейінше бұл залдан өте алмайды немесе ол шенеунік әлде шенеуніктің туысы болуы керек», – деді әуежай қызметкері.

Оның бұл жауабы әуежайдағы өзге жолаушылардың ашуын туғызып, әңгіме соңы айқай-шуға ұласқан көрінеді.

Мұнан кейін Геннадий Головкин тиісті ақшасын төлеп, VIP-зал арқылы қалаға шыққан.

Айта кету керек, Головкин былтырғы қарашадан бері Қазақстанда болмаған, ол туған-туыстарымен қауышу үшін елге оралды.

Кинотеатрдағы кассир қызды соққыға жығу

Қыркүйекте Қазнетті жаға ұстатарлық видео дүрліктіреді. Онда Астанадағы Kinopark 8 SaryArka кинотеатрына келген жігіт кассир-бойжеткенге стақанды лақтырып, кейін оны аяусыз тепкен. Кейін белгілі болғандай, Астана кинотеатрында бойжеткенді тепкен жігіт премьер-министр кеңсесіндегі бас инспектор Болат Тұракелдиевтің ұлы болып шықты.


Өтіп бара жатқан қой жылы шулы оқиғаларға толы болды. Біз оларды саралай келе  жылдың  5 оқиғасын назарларыңызға ұсынамыз.

Полковниктің ұлының той кортежі үшін қызметінен кету оқиғасы



Қыркүйек айында Астанада аты шулы той өтті. Екі Mercedes Gelandewagen автокөлігі артпен жүріп жұртты шошытқан еді. Ал кортеждің қалған қатысушылары қарсы бетке шығып кеткен. Кейін тойын тойлап жүрген Балташевтың ұлы екені анықталған.Жол ережесін бұзған той кортежін жалдаушылар да, Балташевтың ұлының тойына қатысқандар да жауапқа тартылды.

Ал Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Балташев  Астанада ұлының той кортежі үшін қызметінен кетті.


Дереккөзі: reactor.inform.kz

 
нравится:    1664
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии