20 Ноябрь
13:57
Астана: -1 °C
Алматы: -1 °C
USD/KZT: 332.21
EUR/KZT: 391.74
RUB/KZT: 5.57
CNY/KZT: 50.08
Мәдениет
24 желтоқсан 16:04
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​2015 жылы халықаралық бәйгеде ат оздырған жұлдыздар (видео)
Қазақ өнері мен мәдениетін халықаралық өнер додасында насихаттап, топ жарған өнер иелері жетерлік. Сонымен біз өтіп бара жатқан қой жылында  әлемдік дейгейлердегі өнер жарыстарында бәйге алған өнер жұлдыздарының тізіміне мыналар кірді: 



1.   
  Қазақ әншісі Димаш Құдайбергенов тұңғыш рет 24 жылда «Славян базары-2015″ эстрада әндері орындаушыларының  XXIV халықаралық конкурсының бас жүлдесін жеңіп алды. Димаш Гран-при жүлдесі үшін $20 мың көлемінде ақшалай сыйлыққа ие болды. Үш күн болған шарада қазақстандық әнші оқ бойы озық болды.




2. 2015 жылы  "Новая волна" тарихында қазақстандық қатысушы тұңғыш рет жүлделі орынға ілікті. Халықаралық өнер додасында Қазақстан атынан шыққан әнші Адеми екінші орын алды.




3. Батырхан Шүкенов ресейлік «Один в один» шоуының жеңімпазы атанды. Биыл жүрек талмасынан бақилық болған Батырхан Шүкенов ресейлік тележобаның абсолютті жеңімпазы атанды. Талантты әнші көзі тірісінде «Один в один» бағдарламасының жартылай финалына өткен болатын.





4.     Еліміздің атынан халықаралық додаға қатысқан брейк биші Николай Черников көп ішінде топ жарып, үздік атанды. Грузияның астанасы - Тбилиси қаласында әр елдің ең мықты бишілері бақ сынасқан. Біздің жерлесіміздің бәсекеге қабілетті қарсыласы Украинаның талантты бишілері болды. Бірақ дарынды биші бәсекелесін шаң қаптырды.



5.  Биыл  да қазақ «Turkvizyon» байқауынан жүлделі орын алды. Халықаралық орындаушылар сайында еліміздің намысын қорғаған «Орда» тобы екінші орынды еншілеп қайтты.




6.     Қазақстандық режиссер Жасұлан Пошановтың "Шлагбаум" драмасы Мәскеуде өткен 37-ші халықаралық кинофестивальде жүлдеге ие болды. Негізгі кино конкурсқа 12 фильм қатысқан еді. Фильм сценарийін Әділхан Ержанов пен Жасұлан Пошанов жазған, ал продюсері Асқар Ұзабаев.



Дереккөзі: reactor.inform.kz
нравится:    908
Теги: Жұлдыздар әлемі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии