20 Август
06:15
Астана: 11 °C
Алматы: 12 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Кербез
25 ақпан 14:19
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

2016 көктем-жаз маусымының əшекейлер тренді

Аксессуарлар – əйел адам үшін образды толықтыратын ең маңызды деталь. Кез келген киімге асқан ыждағаттылықпен таңдалған лайықты бұйым ғана сізді жарқыратып көрсетіп тіпті болмаса кішігірім кем-кетік тұсыңызды жасырып қала алады. Күнделікті киетін қарапайым киімнің өзі əдемі əшекеймен ерекше көрінуі мүмкін.      
 "Талғамы жоғары əйелдер бижутерия тағады, ал қалғандарына алтын тағуға тура келеді" деп атақты Коко Шанель айтқандай əшекей бұйымдар таңдай аласыз ба? Бұл пікірмен сіз келіспеуіңіз де мүмкін, бірақ əшекей таңдау, оны киіміңізге жарастыра білу кішігірім өнер екенін əркім-ақ мойындайды. Əлемдік сəнгерлердің жыл сайын əрбір маусымға дайындайтын əшекей бұйымдар сəнінің топтамалары сəнқой қыздарымызға басты негізде ұстар жолды көрсете алады. Биыл да көктем-жаз əшекей бұйымдар сəнінің сіздің гардеробыңызға қосар жаңалығы бар.   
 2016 жылғы көктем-жаз əшекей бұйымдар сəнінде əйгілі дизайнерлер аянып қалмаған. Олардың қолынан шыққан көптеген аксессуарлар сіздің образыңызды жай ғана толықтырып қоймай, оның негізгі элементі болатындай дəрежеге жеткізген. Сондай-ақ сəннен мəңгі қалмайтын, араға уақыт салып қайта оралып отыратын əшекейлер де жоқ емес. Сонымен əшекейлердің негізгі үрдістеріне тоқтала кетейік:

1. Алқа-чокерлер – бұл мойынға жабысып тұратын алқа болып табылады. Бүгінгі күнге дейін мұндай əшекей готикалық стильде деп саналды. Бірақ қазіргі дизайнерлер оны күнделікті өмірде тағуға болатындай етіп лайықтаған. Олар металдан, маржан моншақтардан, тері жəне барқыт матадан түрлі өрімде, ірі салпыншақтармен, қымбат тастармен əсемделіп жасалады.

2. Білезіктер бұл маусымда бұрындары ұстанып келген барлық таптаурындарды бұзып жаңа леп əкелгендей əсер қалдырады. Түрлі түсті, тікендермен немесе шынжырлы шашақтары бар білезіктер сізді таңғалдырары анық. Əсіресе қолғаптың сыртынан тағылатын ірі білезіктер жоғары сұранысқа ие.


3. Ірі сырғалар. Бұл жолғы сырғалар ұзындығымен, ірі тастармен жəне декоративті элементтерімен ерекшеленеді. Атап өтерлігі биылғы маусымның жаңалығы боп бір құлаққа ғана тағылатын немесе екі құлаққа тағылатын біртекті бірақ екі түрлі сырға енген. Мұндай аксессуарды қандай да бір шараларға немесе кештерге тағуға болады.

4. Маржан əшекейлер. Іскер стиль үшін бұл əшекейлер негізгі элемент саналады. Бірақ оның өзін қазіргі заманғы дизайнерлер əдеткіден тыс батыл образға сай етіп жасаған.  

5. Көрнекі түйреуіштер. Жаңа топтамада көбінесе ірі тастары бар түйреуіштер жиі кездеседі. Сонымен қатар олар үйреншікті өңір тұсына емес, белге қарай төмендеп жаңа орнын тапқан. 

 Сондай-ақ екі қолға бірдей білезік немесе бірнеше білезікті қабаттап тағу, бірнеше жүзікті қатарынан тағу сияқты бір кездері оғаш көрінген үрдістер биылғы сəннің басты жаңалығы болып табылады.    
 Сəн бір орында тұрмай жыл сайын өзгеріп отырады. Сол сияқты əйел адамның да талғамы жыл өткен сайын бірнеше құбылады. Тіпті жылдап емес əйел адамның көңіл күйіне сай əшекей бұйым таңдауда белгілі бір қалыпқа сыймай өзгере алады. Əсіресе көктем-жаз маусымы айрықша маңызды. Осы кезде барлық жер-дүние жаңарып, айнала қоршаған орта түрлі түске енеді. Əйелдердің бар сұлулығын паш етіп, түрлі киім мен небір түрлі алқа-жүзігін көрсетіп қалатыны да осы кез.
 Əрине олардың əрқайсысы өзінің талғамы мен мүмкіндігіне сай əрлене алады дейміз. Қатып қалған қағида болмайды. Сөйтсе де сəнге ден қоятын адам кез келген биылғы сəндегі əшекейдің үлкен көлемге ие екенін назарынан тыс қалдырмайды. Ол мейлі ірі тастар, металдан жасалған алқа немесе ұзын мойын орағыш  болсын, ең бастысы обазыңызды толық ашып, сізді ерекшелеп тұруы тиіс.

 anabol.kz
нравится:    1604
Теги: Сән әлемі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии