18 Ноябрь
23:37
Астана: -2 °C
Алматы: 0 °C
USD/KZT: 332.21
EUR/KZT: 391.74
RUB/KZT: 5.57
CNY/KZT: 50.08
Туризм
21 тамыз 15:46
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

2016 жылы Алакөл жағалауында жалпы құны 800 млн. теңге болатын 3 ірі демалыс орны ашылады
Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың Алакөл ауданына жасаған жұмыс сапары барысында мал шаруашылығының дамуы, егіс жинау науқаны, туристік кластер және басқа да келелі мәселелер талқыланды.



Облыс басшысы сапарын алдымен етті бағыттағы асыл тұқымды ірі қара өсірумен айналысатын «Арқарлы Майбүйрек» ЖШС-ны аралаудан бастады. Жуырда мұнда Австралиядан 3 мың бас «Ангус», «Герефорд» тұқымды ірі қара мал әкелінген. Шетелден әкелінген мал басының саны бойынша аталмыш шаруашылық республикада алдыңғы қатардан көрінуде. Бүгінгі күні шаруашылықта асыл тұқымды мал саны еселеп артып, мұнда, әсіресе аналық мал басын көбейтуге ден қойылған. Шаруашылық директоры Ермек Майқыновтың айтуынша, шаруашылық асыл тұқымды ірі қара санын 10 мыңға жеткізуді мақсат етіп қойған. Жергілікті тұрғындар қолда бар малдарының тұқымын асылдандырудың тиімділігін ұғынып, шаруашылықтан бұқа сатып алуға қызығушылық танытып отыр.


Мұнан соң облыс әкімі А. Баталов Лепсі ауылындағы Ушинский атындағы орта мектеп жанындағы спортта дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернат филиалының жұмысымен танысты. Мұнда жаттықтырушылармен және спортшылармен әңгімелесіп, оларға зор денсаулық, айтулы жетістіктер тіледі.
Сонымен қатар аймақ басшысы ірі қара өсіруге маманданған «Шынжылы» шаруа қожалығында болды. Жұмыс сапары одан әрі Үшарал қаласындағы «Алакөл-Көмір» ЖШС-нің LB1500 асфальтбетон зауытында жалғасты. Осыдан бір ай бұрын зауыт асфальттың алғашқы тоннасын шығарған. Кәсіпорын директоры Елжан Абдрахмановтың мәлімдеуінше, жергілікті және республикалық маңыздағы жолдарға қолданылатын асфальтбетон - зауытың негізгі өнімі. Сондай-ақ, мұнда таза және еленген құм, түрлі қиыршық тастардың 7 түрі шығарылады.



Зауыт технологиясымен танысқан облыс әкімі А. Баталов: «Заманауи асфальтбетон зауытын ашу - аудан үшін аса қажетті іс. Бұл жаңа зауыт Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың шағын және орта бизнесті дамыту туралы тапсырмасының орындалуына өзінің үлесін қосады деп сенемін. Ұжымның ісіне сәттілік тілеймін», - деді. 
Сол сияқты өңір басшысы осы күні Үшарал әскери әуежайын аралап көрді. Мұнда Алматы-Талдықорған-Үшарал бағытында жүретін жолаушылар үшін 50 адамдық әуежай бой көтеретін болады.
Жұмыс сапарының соңында облыс басшысы А. Баталов Алакөл көлі маңында туризм кластерін дамытуға баса назар аударды. Ақши ауылы мен осында орналасқан туристік нысандарды электр энергиясымен тұрақты қамтамасыз етуші «Энерго Қуат» ЖШС жұмысымен танысты.



 Бұл мақсатқа республикалық және облыстық бюджеттен 623 млн. теңге бөлінген. 10 киловольттық электр тарату желісі толығымен іске қосуға дайын, ал екі жаңа подстанцияның монтаж жұмыстары аяқталды. Сол сияқты облыс әкімі мамандармен бірге Алакөл ауданында туризмді дамыту жоспарын талқылады. .

Жоспарда Алакөл көліне баратын жолды жөндеу, Ақши ауылындағы 5 көп қабатты тұрғын үйді реконструкциялау, су құбырларын жөндеу қарастырылған. Осы жобалардың барлығына қаржы қарастырылған, оларды жүзеге асыру ісі белсенді жүргізілуде



Жалпы, бүгінгі күні Алакөл жағалауында демалушыларға 93 туристік инфрақұрылым нысандары қызмет ұсынады және тәулігіне 3500 адам қабылдауға мүмкіндігі бар. Оларды дамыту ісі одан әрі жалғастырылмақ. Мәселен, 2016 жылы жалпы құны 800 млн. теңге болатын 750 орынды 3 ірі демалыс аймағын іске қосу жоспарланған. Сонымен қатар SPA-салоны мен инфрақұрылымы дамыған төрт жұлдызды қонақ үй құрылысы басталады.



- Балқаш-Алакөл бассейнінің туристік мүмкіндігі айрықша және санаторлық-сауықтыру ғана емес, баламалы туризмді де дамытудың болашағы зор. Тек мақсатқа жету жолында сапалы, нәтижелі жұмыс жүргізу қажет, - деді А. Баталов қорытынды сөзінде.  

Дереккөзі: http://www.inform.kz/
нравится:    2050
Теги: Менің Қазақстаным,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии