13 Декабрь
13:10
Астана: -22 °C
Алматы: -5 °C
USD/KZT: 334.85
EUR/KZT: 394.29
RUB/KZT: 5.69
CNY/KZT: 50.60
Туризм
17 қыркүйек 12:12
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

2016 жылы Қазақстанда қонақ үй-пойыз іске қосылмақ
Қазақстанда келесі жылы доңғалаққа орнатылатын қонақ үйлерді іске қосу жоспарлануда. ҚР ИДМ-да тұсаукесері өткен жобаның бастамашысы -«Тұран Экспресс» темір жол жолаушы компаниясы. 


Бастамашылар осы жобаның табысты болатынына күмәнданбайды. Компания 2013 жылы Алматы – Алакөл көлі – Достық маршруты бойынша жүретін мамандандырылған туристік поезддар ұйымдастырған еді. Осындай маршруттарға сұраныс зор болды. Сондықтан, компания тасымалдау географиясын және көрсетілетін қызметтер ауқымын кеңейту жөн деп шешті. Атап айтқанда, жобада «Гранд де Люкс», СВ, купе және басқа сыныптардағы вагондардан құралатын поездармен Қазақстанның және Орта Азияның тарихи және мәдени жерлерінде бірнеше маршрут ұйымдастыру көзделуде.

«Біз Қорғас-Алматы-Тараз-Шымкент-Түркістан-Қызылорда-Байқоңыр темір жол маршрутын елордамыз Астанаға да міндетті түрде жеткізіп, «доңғалақтағы қонақ үй» болатын туристік поезд құрастыруға мүмкіндігіміз бар» — дейді — «Тұран Экспресс» компаниясының бас директоры Роман Ботабеков.

Жобаның бастамашысы салық преференциялары, тасымалдауға субсидия бөлу, жеңілдікті кредиттеу өлігінде мемлекет тарабынан қолдау көрсетілуіне үміттеніп отыр.

Өз кезегінде, министрлік, таяу уақытта мемлекеттік қолдауды, оның ішінде даму институттары тарабынан қолдау көрсету мүмкіндігі қарастырылатынын хабарлады.

«Осындай сапарлар, әсіресе «Жібек жолы» бағдарламасының шеңберінде каникул кезінде мектеп оқушылары үшін танымдық жағынан пайдалы болар еді. Бұл олардың өз халқының тарихы мен мәдениетін тануда қосымша білім алуына әрі балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға да септігін тигізеді» — деп атап өтті министр Әсет Исекешев.

Дереккөзі: Businessnews.kz
нравится:    890
Теги: Туризм жаңалықтары,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии