20 Август
15:47
Астана: 21 °C
Алматы: 24 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Экономика
23 желтоқсан 15:02
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

2016 жылы қазақстандық банктерде қандай қиындықтар болады?


Банктердің абсолютті нормативтері мен талаптарынан бас тарту үшін әрбір банктің салыстырмалы параметрлеріне және жеке капиталдарына басты назар аударылады. 2016 жылдан бастап кепілсіз қарыздардың 30%-ын шегеру туралы талаптарды өзгерту  жоспарлануда. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Олег Смоляков банктің баспасөз маслихатында мәлімдеді.

«Банк жүйесіндегі қауіпсіздікті реттеу мақсатында өткен айда көптеген талқылаудар болды. Қаржы тұрақтылығына байланысты кеңес өткіздік, еркін айналымға байланысты сұрақтар талқыланды. Басты идея банктердің абсолюттік талаптарынан бас тартуға негізделіп отыр. Банк жүйесіндегі қауіпсіздікті реттеу үшін әрбір банктің салыстырмалы параметрлерін, яғни банк активтерін, капиталға қатысты депозит көлемін  қарау керек деп ойлаймыз», -деді Олег Смоляков.



Кепілсіз несие жөнінде 
Кепілсіз несиеге байланысты қаржы реттеуші жеткілікті капитал нормативтеріне екпінді күшейтуді ұсынды. «Біріншіден біз жыл сайынғы кепілсіз несие өсімін 30%-ға қысқарту туралы талаптарды шектеуді ұсынамыз. Бірақ біз бұл нормативті салмақ салумен алмастыруға ниеттіміз. Яғни жоғарғы деңгейлі қауіпті және қамтамасыз етілмеген несие алушылар мен банктергі мерзімі өтіп кеткен кредиттер үшін жаңа талаптар қойылды. Жаңа нормативтер банктерден резервтің ең үлкен көлемін және қандайда бір өткізілген опреациялар бойынша капиталды талап етеді», — деді ол.

Депозит туралы
«Егер банк қорының басты көзі халық депозиті болған жағдайда қаржы институттарының  капитал бойынша үлестері болғанын қалаймыз. Яғни осы арқылы акционерлер мен менеджерлердің жауапкершілігі болады деп есептейміз. Депозит базасын сақтау тек мемлекетке ғана жүктелмеу керек», — деп атап өтті банкир.

Жеке капитал 
«Біз Базель-3-ті енгізу аясында  жеткілікті капитал бойынша талаптарды арттыру туралы ойымыздан бас тартпаймыз. Бір-екі жыл бұрын  «банктердің бес жыл ішінде капитал бойынша жоғарғы талаптарды орындауы туралы» кестені жасағанбыз. Осы график бойынша қаламыз, бірақ бұл сыртқы экономикалық жағдаят есебіне байланысты болады. Капиталды кейінге шегеруге мүмкіндік береміз. Келесі жылдан бастап жеткілікті капиталға байланысты нормативтерді көтермейміз. Банктер 2015 жылғы тіркелеген талаптармен жұмыс істейді. Бұл мәселе біздің саясаттың бақылау кезеңімен байланысты», — Олег Смоляков.

Проблемалы қарыздар
«Қазіргі уақытта ең көп көтеріліп жүрген басты мәселелердің бірі — проблемалы қарыздар. Біздің мақсатымыз — аталған қарыз деңгейін бақылап отыру. Жүйе бойынша оның көлемі банктерде 10%-дан аспау керек. Бізде осыған байланысты заң қалыптасты деуге болады. Егер банкер нашар қарыздар бойынша нормативтерді бұзатын болса, нақты шаралар қолданылады. Банк қызметінде отырған адам жұмысынан айырылуы мүмкін. Осы талаптарды 2016 жылы енгізіуді жоспарлап отырмыз», — деді банкир.

Банкирдің сөзінше, алдағы уақытта нақты іс-шаралар бойынша Ұлттық банк пен банктер арасындағы бекітулер талап етіледі. «Әрбір банкке нашар қарыздарға байланысты 10%-дан кем емес жетістіктер жөнінде жауапкершілік жүктеледі. Егер банктер талапты орындамаса, біз барынша көп нормативті талап ететін боламыз. Егер талаптар екінші рет орындалмаған жағдайда банк жетекшісін қызметінен босатуға келісім алуға құқымыз бар», — деді реттеуші.

Дереккөзі: 7kun.kz
нравится:    834
Теги: Қаржы және экономика, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии