21 Август
04:50
Астана: 8 °C
Алматы: 10 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
23 желтоқсан 10:52
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

2016 жылы Ұлттық банкте іс жүргізу толықтай қазақ тіліне көшеді


2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ұлттық банктің  ішкі құжат айналымы, 1 наурыздан жалпы іс жүргізу толықтай қазақша болады. Бұл туралы бүгін Almaty Management University-де өткен «Қазақстанның банк жүйесіндегі мемлекеттік тілдің рөлі» тақыбырындағы дөңгелек үстел барысында Ұлттық банктің ұйымдастыру жұмысы және бақылау департаменті директорының орынбасары Шерубай Құрманбайұлы айтты.

Іс жүргізу толықтай мемлекеттік тілге көшуіне байланысты Ұлттық банк қызметкерлері де қазақ тілі оқи бастаған. «Орталық аппарат қызметкерлерінің 40,40 % еркін сөйлейді, 64,60 % түсінеді, 5% мүлдем түсінбейді екен. Бұлардың 11,30 % қарапайым, 48% орта, 40,50% жоғары деңгейде білім алуды жөн көрді», -дейді Ш.Құрманбайұлы.

Ұлттық банк қызметкерлернің мемлекеттік тілді меңгеруі үшін «Қазтест» негізінде оқыту бағдарламасы жасалыпты. Бұдан бөлек 12 тілдегі салалық тілдескіш, банк терминдерінің орысша-ағылшынша-қазақша сөздігі, қаржы саласы  қызметкерлеріне қазақ тілін үйрететін оқулықтар дайындалған. Соңғысына арнайы дәптер, аудиодисктер де қоса ұсынылған.

«Қазіргі кезде Ұлттық банкте мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу, қызметкерлерді мемлекеттік тілге оқыту, құжаттардың мемлекеттік тілдегі үлгі нысандарын әзірлеу, мемлекеттік тілдегі салалық терминдерді жетілдіру және біріздендіру жұмыстары жүргізілуде»,-деді Ш.Құрманбайұлы.

Айта кетейік, 12 тілдегі салалық тілдескіш, банк терминдерінің орысша-ағылшынша-қазақша сөздігі, қаржы саласы  қызметкерлеріне қазақ тілін үйрететін оқулықтар елімізде тұңғыш рет  жарыққа шықпақ. Танымал ғалымдар мен мамандардың қатысуымен жарық көрген кітаптар жақын уақытта жұртшылыққа ұсынылады.

Дереккөзі: http://7kun.kz/
нравится:    2602
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии

  • Бақыт2015-12-24 17:45:18
    Бәрекелді! Қазақ тілінің мәртебесі көтеріле берсін!
  • Бердимурат2016-02-20 19:32:58
    Екі қолымды көтеріп қолдаймын ! Егер рас болса