18 Декабрь
07:09
Астана: -24 °C
Алматы: -8 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Экономика
28 желтоқсан 16:17
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

2017 жылдан бастап лимитсіз 4G интернет болмайды


Лимитсіз 4G интернеттің дәурені бітті. Жаңа жылдан бастап барлық операторлардың абоненттері өздерінің тарифтік жоспары бойынша шектеулі интернет алады, деп хабарлайды egemen.kz.

Tele2 және Altel операторларының тұтынушылары тек 31 желтоқсанға дейін ғана лимитсіз интернет қолдана алады. 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап қос оператордың да интернеті шектеулі болады.

«2016 жылдың 31 желтоқсанында төрт тарифтік жоспар бойынша акциялық лимитсіз интернеттің уақыты аяқталады,» — деп хабарлайды Tele2.

Altel де 4G интернеттің аяқталатынын хабарлайды. Дегенмен, тұтынушылар аталған тарифті тағы бір айға соза алады.

Beeline операторы да лимитсіз интернетті тоқтатпақшы.

«Біз басында-ақ ескерткенбіз. Әзірге лимитсіз интернетті созу туралы жоспар жоқ. Дегенмен, тегін интернет енді болмайды,» — дейді компанияның корпоративті коммуникация жөніндегі директоры Алексей Бендзь.

Kcell өзінің «Престиж+» тарифтік жоспары бойынша 10 қаңтарға дейін шексіз интернет ұсынады.

Жыл басында Altel операторы лимитсіз интернетті алып тастаған еді. Бұл Tele2 операторымен қосылғаннан кейін болған.


Дереккөзі: http://egemen.kz
 
нравится:    1060
Теги: Главная, Медиа нарық,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии