|    |  
17 желтоқсан 2018
05:20
қаз
2017 жылдың ең танымал фильмі анықталды
24 желтоқсан, 12:54 175

Белгілі Rotten Tomatoes сайты 2017 жылдың ең танымал фильмін атады. Дауыс беру нәтижесі бойынша бірінші орынды хоррор жанрында түсірілген Джордан Пилдің "Прочь" фильмі алды. 

Фильм 300-ге жуық киносыншылар тарапынан 99% дауыс жинады. Көрермендер фильмді 87 пайызға бағалады. Фильмнің сюжеті ақ нәсілді сүйіктісінің бай ата-анасымен танысқан қара нәсілді фотографтың тарихына негізделген. Жас жігіттің сапары тірі қалу үшін үлкен күреске айналады. Өйткені оның сүйіктісінің отбасы нәсілшілдікті қатты ұстанады.

Екінші орынға 242 сыншы тарапынан 98%, көрермендерден 89% дауыспен Майкл Шоуолтердің "Любовь" фильмі жайғасты. Ал, "Дюнкерк" фильмі 92 және 82 пайызбен үздік үштікті қорытындылады. 

Ары қарай ондыққа "Керемет әйел", "Леди Берд", "Логан", "Жұлдызды соғыс: Соңғы джедаи", "Малыш на драйве", "Коконың құпиясы" және "Тор: Рагнарек" фильмдері кірді. 

Дереккөз: http://massaget.kz



 


Жаңалықтар