|    |  
11 желтоқсан 2018
00:55
қаз
2018 жылдың ең үздік сән үлгісіне айналған, күннен қорғайтын көзілдіріктер
31 наурыз, 15:28 365
Сән бір орында еш тұрмайтыны белгілі. Оның бір артықшылығы, өзін сәнді көргісі келетіндерге ерекше кеңестерін ұсынып отырады. Сондай-ақ танымал сәнгерлер әр уақытта да ұсақ-түйекке ерекше мән береді!



Мәселен, күннен қорғайтын көзілдіріктер. Бір қарағанда, олардың еш мәні жоқ секілді. Жай ғана ұсақ-түйек дерсің. Көктем мезгілінен басқа мерзімде аса жиі қолданбайтын аксессуар ма дерсің.

Алайда, олай емес екен. Олай ойлауға мүлде болмайды. Дұрыс емес пішін, ұсқынсыз түс және сапасыздық көп жағдайда түріңіздің нашар көруіне себепші болуы мүмкін. Осының салдарынан сіздің бейнеңіз де сәнді болмай қалады.

Сонымен қатар өзіңіз туралы алғашқы пікірді дұрыс емес қалыптастырамын ба деген үрей де басым болатыны анық. Кімнің мұндай күйге түскісі келеді дейсіз? Сондықтан жалқауланбаңыз — күннен қорғайтын көзілдірік моделін таңдауға аз ғана уақыт бөліңіз.
Танымал стилист Ванда Вог былай дейді: «Көзілдірікті дұрыс емес таңдаудың салдары дұрыс таңдалмаған аяқ киімге әсерін береді– бұл дегенің дұрыс таңдалмаған сөмке. Кейін жейде сыртынан тағылған әйнектен жасалған алқаны да мойныңыздан байқау қиын емес».

Сол себепті ұялмаңыз. Көзілдіріктері бар дүкен сөрелеріне жақындап, өзіңізге ұнаған модельді киіп көріңіз. Бәрі оңай шешілгелі тұрғанда, қиын жолды таңдаудың қажеті қанша?

Егер сіз өзіңіздің таңдауыңыздың дұрыстығына күмәнді болсаңыз, сатып алу үшін дұрыс таңдау жасауға көмектесетін жақын адамыңызбен барғаныңыз дұрыс. Болмаса, сатушыдан кеңес сұраңыз.

Және де бір модельді лезде таңдауға асықпаңыз. Қазіргі таңда сән үлгісінің түрлі ережелері бар. Олай болса, біздің бүгінгі видеомызды міндетті түрде қараңыз, Сіз сән әлемінің жаңалықтарынан көбірек хабардар бола аласыз.


 
Дереккөз: womoninred.ru


Жаңалықтар