|    |  
21 наурыз 2019
19:00
қаз
2019 жылға арналған Тамара Глоба жұлдызнамасы
04 желтоқсан 2018, 10:18 139

2019 жылға арналған Тамара Глоба жұлдызнамасы өмірдегі маңызды оқиғалардан хабардар етеді. Осы жұлдызнама арқылы болашақтан не күтуге болатындығын, қателіктерге қайткен күнде бой алдырмауға болатындығын білеміз. Танымал астрологтың жұлдыз жорамалы арқылы өмірде және отбасындағы тәрбие мен тәртіпті ұштастыруға мүмкіншілік бар. 

Тоқты 
Астрологиялық жұлдызнама белгісін 2019 жылдың маңызды оқиғасы ретінде жаңа махаббатын кезіктіру күтіп тұр. Алғашқы айлар мансаптың жоғарылауы, жұмыстағы өзгерістер орын алады. Қаржылық жағдайдың жақсарғанына орай демалыс алып, отбасыға көңіл бөліп, шетелге шығуға мүмкіндік бар. Сары доңыз жылы денсаулыққа жақсылап көңіл бөлген дұрыс. Танымал астролог тоқтыларға шипажайда демалуға, не болмаса физиотерапиялық курс алуға кеңес береді. Тоқтыларды жеке өмірдің қайнаған қазаны күтіп тұр, мұның ішінде екінші жартыңмен ұрыс-керіс те, татуласу да бар.

Торпақ 
Тамара Глоба ұсынған Жұлдызнамаға сәйкес 2019 жылы торпақтарды отбасылық сапарлар мен достар арасындағы демалыстар күтіп тұр. Белгілі бір жаққа жеке сапарлау қажеті жоқ. Жалғыз бастыларға жұлдыздар біраз қиындықтарды алға тартады. Сондықтан да жалғыз тоқтылар отбасы арасында, туыстар арасында жүргені жақсы. Жаңа танысулар да болады. Романтикалық қарым-қатынас саласында торпақтарды екінші жартысымен тіл табыса алмай жүрсе де жақсы сезімдерді бастан өткеруге мүмкіндік бар. Жалғыз тоқтылардың берік отбасын құруға құлшынысы оянады. Іскер бағытта да оларды тамаша жетістіктер күтіп тұр, ең бастысы ешкімге ақшаны қарызға бермеген дұрыс.

Егіздер 
2019 жылы егіздер үшін қаржылық бақуаттылық пен шығармашылық жоғарылау күтіп тұр. Жақсы кездесулер, жан дүниенің теңдігі, жақсы көңіл-күйлер күтіп тұр. Шығармашыл адамдар белгілі бір дәрежеде қаржылық қолдау табады. Өз жартысы бар егіздер өз қарым-қатынастарын жақсартса, жеке бастылары өз махаббаттарын табады,  ең бастысы жаңа қарым-қатынаста жауаптылық, қамқорлық әрі шынайылық көрсету. Жұлдыздар ғұмыры қысқа жұмыс барысындағы қарым-қатынастарға жоламауға кеңес береді.

Шаян 
Жақын болашақта бұл жұлдызнама өкілдерін талантты тұлғалармен, ерекше адамдармен кездесу күтіп тұр. Көптеген шаяндар кәсіпкерлік не көңіл көтеруге емес, шығармашылыққа бет түзейді. Оларға өзімен-өзі болу онша жақсылық әкелмейді, олардың орны достардың арасында, қоғам ортасында. Шаяндарға жеке өмірде жеңіл істермен айналысу күтіп тұр. Ең бастысы осы хаос кезінде шынайы сезімдерді жіберіп алмаған орынды.

Арыстан
2019 жылы арыстандарды мансап жолы мен махаббаттың табысты болуы күтіп тұр. Жұмыс орнының жақсы жаққа қарай ауысуы да бар. Махаббат тақырыбында да жұлдыздар арыстанға жақсы сезімдерді өткеретіндігін айтады. Жеке репутацияңызды құртып алмас үшін жаңа романтикалық махаббатқа сақтықпен қараған дұрыс. Қиын сәттерде ұрсысып, екі жаққа айырылыспай, ортақ шешімдерді бірлесіп табу керектігін ескертеді.

Бикеш 
Тамара Глоба болжамдарына сай 2019 жылы бикештер тиянақтылық пен еңбекқорлық танытқаны дұрыс. Шешім қабылдар алдында бәрін де кесіп-пішіп алғандары маңызды. Бұл жұлдызнам а өкілдері жақын болашақта жұмыс орнынан өзінің екінші жартысын табады деген болжам да жоқ емес. Кездесулердің басында құпиялардан қашпауды ескертеді. Көңіл көтеру мен интригалардың арасынан өз сезімдеріңізді де жоғалтып алмаңыз.

Таразы 
Таразылар үшін жаңа 2019 жыл – кәсіби қырынан жаңалық ашу болып саналады, бұған хобби де, жаңа таныстық және қарым-қатынастар да қалыс қалмайды. Бұл жұлдызнама өкілдері айналасындағы адамдарға тамаша көңіл күй, сезім сыйлап жүреді. Ең бастысы барлық энергияны қажетті бағытқа жұмсау қажет. Бәрі дұрыс болуы үшін бірден бірнеше қиын істі жауапкершілігіңізге алмауыңыз керек. Бәрін өз орнымен, кезең-кезеңімен орындаған абзал. Махаббат тақырыбына келсек, екінші жартысын ренжітіп алмас үшін сабырлылық та артық етпейді. Өйткені үнемі ұрыс-керістің орын алуы екі жұптың айырылысуына тура келеді. Жылдың екінші жартысында көңіл-күйдегі орын алған өзгерістер сабырлылық пен үйлесім табатыны ақиқат.

Сарышаян
Сарышаяндар үшін жаңа жыл жақсы сый-сыяпат дайындап үлгерді. Бұлар қарым-қатынастағы жақсы жаңалықтар, тамаша көшіп қону, жұмыс орнын ауыстыру, отбасының бір адамға толығуы. Бұл жұлдызнама өкілдері өздерін 2019 жылы жұлдыздардың жақсы көретін әрі жолы болғыш адамдар қатарынан екенін сезеді. Қарама-қарсы жынысты   сарышаяндар жан жағына белсенді түрде назар аудара бастайды, алайда басыңызды алып қашудың қажеті жоқ. Әрі қарай да отбасын құруға талпынып, серігіңізбен бірге күрделі мәселелерді шешуге белсенділік танытыңыз.
 
Мерген
2019 жылы мергендердің махаббат потенциалы анағұрлым жоғары. Олар әбіржу мен шиеленістерді ұмытып, сезім мен романтикаға бой алдырады. Серігімен бірге көп уақыт өткізген дұрыс. Өмір батыл әрі тәуекелшіл адамдарға бетін бұрады. Ол ерекше оқиғаларды дайындап үлгерді. Бұл отбасындағы толығулар, үйлену салтанаты, ескі әрі сөнген қарым-қатынастардың бұзылуы және жаңа махаббаттың тууы болуы да мүмкін.

Тауешкі
Доңыз жылында нағыз тауешкілердің өн бойында таланты ашылуы мүмкін. Мәселен, үй шаруасымен мүлде айналыспайтын әйел тамаша үй шаруасындағы әйел болуы мүмкін. Кәсіби салада және жеке өмірде ұрыс-керістен аулақ жүрген дұрыс. Жылдың басында тауешкілерді үлкен өзгерістер күтіп тұр. Бұл басқа аймаққа, не болмаса шетелге, не жаңа үйге  қоныс аудару, қызықты әрі пайдалы қызмет болуы да мүмкін. Көшіп-қону мен үй жөндеу жұмыстары талай күш пен уақытты сарп ететінін ұмытпаңыз. Жазғы мезгілдерде шипажайларда не болмаса сапарларда өзіңіздің екінші жартыңызды табуға үлкен мүмкіндік бар.

Суқұйғыш 
Белгілі бір дәрежеде сараңдығы ұстап қалатын суқұйғыштар үшін Доңыз жылы бірқатар қиындықтарды жайып салады. Қалаған нәрсені туыстар мен жақын адамдар арқылы қол жеткізуге болмас. Оларды да ұмытпай, қамқорлық танытқан дұрыс. Бұл жұлдызнама өкілдерін жаңа танысулар күтіп тұр. Жаңа жыл жақсы романтикалық қарым-қатынаспен аяқталуы үшін дұрыс таңдау жасай білу де маңызды.

Балықтар 
Жұлдыздар 2019 жылы балықтардың шығармашылық қабілетін жақсы деңгейде дамытып, өз талантын кәсіби деңгейге көтеруге мүмкіншілігі бар екендігін жазады. Бәлкім іссапарлар, конференциялар  ұйымдастырып, ақша құятын демеушілер де табылып қалар. Өмірлік сауалдар мен денсаулық тұрғысындағы мәселелерді екінші жартыңызбен бірлесіп отырып шешкен маңызды. Танымал астролог Тамара Глоба балықтарға кісіпкерлікпен шұғылданудан гөрі отбасында көбірек болуға кеңес береді. Жеке өмірде үйлесімділікті сақтау үшін маңызды шешімдер қабылдау кезінде жақын адамыңыздың кеңесіне жүгінгеніңіз, ұрыс-керісті азайтқаныңыз дұрыс.

http://2019-god.com


Жаңалықтар