20 Август
04:35
Астана: 11 °C
Алматы: 12 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Спорт
31 шілде 16:09
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

2022 жылғы XXIV қысқы Олимпиада ойындары Бейжіңде өтетін болды
Бүгін Малайзия астанасы Куала-Лумпурде Халықаралық Олимпиада комитетінің 128 сессиясында XXIV қысқы Олимпиада ойындары мен XIII Паралимпиада ойындарын өткізу құқығын Бейжің қаласы жеңіп алды. Қысқы Олимпиада ойындарының өткізу құқығын ХОК-тың 85 делегатының дауыс беру нәтижесінде Бейжің қаласы Алматыны басып озды.



Дауыс беруге Қазақстан мен Қытайдан келген ХОК мүшелері және Халықаралық олимпиада комитетінің Президенті Томас Бах қатысқан жоқ.

Бүгін қос үміткер Алматы мен Бейжің қаласына дауыс беру рәсімінен бұрын екі қала да өздерінің соңғы таныстырылымдарын өткізді.

Таныстыру рәсімінде делегация басшысы, ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов, Алматы әкімі Ахметжан Есімов, ҚР ҰОК президенті Темірхан Досмұхамбетов, ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы, Алматы-2022 Өтінім комитеті төрағасының орынбасары Андрей Крюков, Денис Тен, Қысқы жастар Олимпиада ойындарының қатысушысы Карина Узурова, Паралимпиада ойындарының қатысушысы Жаңыл Балтабаева болды. Сондай-ақ, басқа да көптеген танымал спортшыларымыз Алматы өтінім комитетінің құрамында  жұмыс істеп, өзіндік үлестерін қосты.

Таныстырылым барысында Алматының Олимпиада өткізуге ең қолайлы қала екені, қала инфрақұрылымы 2022 жылға дейін барлық қажетті спорт ғимараттарымен толығатыны айтылды.

Сонымен қатар, Алматыдағы табиғи қар мен тау Олимпиада кезінде спортшылар үшін өте ыңғайлы болатыны басты назарда ұсталды. Негізінен, қысқы Олимпиада ойындарында қардың тапшылығын көрген қалалар баршылық. Бұл тұрғыда Алматыда ондай қиындық болуы мүмкін емес.

Ұйымдастырушылар Алматыдағы спорт ғимараттарының бір-біріне өте жақын орналасқандығын, таудағы және қаладағы нысандардың қашықтығы 30 шақырымнан аспайтынын, бұл өз кезегінде спортшылар мен Олимпиада қонақтары үшін өте ыңғайлы екені айтылды.

Таныстырылым аяқталғаннан кейін ХОК басшысы Томас Бах өтінім комитетінің жұмысын жоғары бағалап, Қазақстан Премьер-Министрі, Алматы-2022 Өтінім комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімовке XXIV қысқы Олимпиада ойындары мен XIII Паралимпиада ойындарын өткізуге қазақстандық өтінімді таныстыру кезінде Қазақстанның Олимпиада құндылықтарын дамытуға қосқан үлесі үшін арнайы диплом табыстады.

Бұған дейін Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов пен Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов ХОК президенті Томас Бахпен жеке-жеке кездескен болатын.

Кездесу барысында қос тарап ХОК-тың алдағы 128 сессиясының күн тәртібі, сондай-ақ, XXIV қысқы Олимпиаданы өткізетін қаланы таңдау мәселелерін талқылаған-ды. 

Ал бүгін Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Алматы қаласы - Қысқы олимпиаданы табысты өткізудің тамаша мүмкіндіктерін атап өтті. «Бүгін бізге, Қазақстанға сенім артуларыңызды сұраймыз, - деді ХОК мүшелеріне айтқан сөзінде Кәрім Мәсімов.

«Біздің өтінімімізге нақты фактілер арқау болған. Осы фактілер негізінде тарихи шешім қабылдайсыздар - Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл Олимпиада қозғалысы үшін де», - деп атап өтті Үкімет басшысы.

Сонымен қатар, ҚР Премьер-Министрі 2022 жылы қысқы Олимпиаданы өткізу үшін жасалатын таңдау ішінде Алматының орны ерекше екендігін атап өтті.

«Біз шағын, дамушы елдердің Қысқы олимпиаданы табысты өткізе алатынының тамаша мүмкіндігі болып табыламыз. Біз - олимпиада және паралимпиадалық спортшыларға аса лайықты әрі олар өмір бойы естен шығармайтын Қысқы ойындардың нағыз тәжірибесін берудің нағыз мүмкіндігіміз. Біз - Ойындар ешқашан өткізілмеген аймаққа Олимпиаданың  ұзақ мерзімдік әлеуетін таныта алудың нағыз мүмкіндігіміз. Және біз - Олимпиаданың күн тәртібі-2020 жүзеге асыруға көмектесудің нағыз мүмкіндігіміз», - деп сендірген болатын К.Мәсімов.

Міне, Үкімет басшысының күткен сенімі ақталды. Қазақстандық жанкүйерлердің көптен күткен тілегі орындалды. Енді 2022 жылғы  XXIV қысқы Олимпиада ойындары мен XIII Паралимпиада ойындарын Алатау бөктерінде дүркіретіп өткізетін боламыз, ағайын.

Өкінішке орай сенім ақталған жоқ. ХОК-тың 85 делегатының дауыс беру нәтижесінде Бейжің қаласы Алматыны басып озды.

Дереккөзі:  Қазақпарат
нравится:    892
Теги: Спорт жаңалықтары, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии