18 Декабрь
01:15
Астана: -20 °C
Алматы: -8 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Әлем жаңалықтары
9 ақпан 10:35
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

2025 жылға қарай әлем қалай өзгеруі мүмкін?


Осыдан 10 жыл бұрын біз смартфондардың, YouTube –қа видео жүктеудің не екендігін білмеген едік. Енді міне, айналасы 10 жы ішінде әлем танымастай өзгерді. Ғылым мен техника күн санап өзгеріп жатыр.  Осы ретте әлем бойынша ғарыштық туризм саласында  алғашқылардың бірі болып Space Adventures компаниясының негізін қалаған, авиация саласының инженері Питер Диамандис (Peter H. Diamandis)  2025 жылға қарай әлемнің қалай өзгеретіндігін шолып өткен. Бұл туралы шетелдік басылымдарға сілтеме жасай отырып futurist.ru сайты жазады.

1. 1000 долларға  адам  миын сатып алуға болады 



2025 жылға қарай секундына 10 000 трлн операция жасай алатын компьютер пайда болады. Бұл жылдамдық адам миының ақпараттын өңдеу жылдамдығына пара-пар болады. Мұндай машина бар жоғы 1000 доллар ғана тұратын болады.

2.      "Барлығы интернет"


«Барлығы интернет»  ғаламдық экономиканы жаңа сатыға көтеретін болады. Әлемде онлайнмен ғана жұмыс жасау жаппай үрдіске ұласады. 2025 жылға қарай  «барлығы интенрет» 100 млрд   деректер жиынтығы бар қосылған қондырғыларына өзіне қосатын болады. Жуырда жарияланған Cisco баяндамасы мәліметтеріне қарағанда, мегаинтернет $ 19 трлн-ды түрлендіретін болады.

3. Мінсіз білім алу


 
Осыдан он жылдан кейін сіз триллиондалған деректер жиынтыңының көмегімен кез келген уақытта және кел келген жерден өзіңізге қажетті білімді ала аласыз. 

4.8 миллиард адам бір-бірімен тығыз байланыста


 

Facebook (Internet.org), SpaceX, Google (Loon жобасы), Qualcomm және Virgin (OneWeb)  сынды компаниялар  Жердегі әр адамға арналған секундына бір мегабиттан асатын жылдымдықта ғаламдық қосуларды жоспарлап отыр.  Бұл 8 миллиард адам  заманауи  коммуникацияның құралдарымен байланыста болуға мүмкіндік береді.

5.Денсаулық сақтау саласы өзгереді



Қазіргі кезде жұмыс жасап жатқан медициналық ұйымдардың басым көпшілігі тарих қойнауына кетеді. Қазіргі кезде  мыңдаған стартаптар, сондай-ақ Google, Apple, Microsoft, SAP, IBM сынды алыптардың деректері жаңа бизнес моделдерді құрып, оларға жаңа табыс көздерін ашуы мүмкін.
Биометрикалық зондтау біздің жеке денсаулығымыздың кепілі болуы әбден мүмкін. Гендік инженерия және заманауи технологиялардың үздіксіз дамуы  обыр себептерін, жүректің ауыруын, нейродегенеративті сырқат ты анықтауға және емдеуге жаңа жолдар ашпақ. Роботтандырылған хирургия хирургиялық операцияларды жасайтын болады, бұл барынша арзан және тиімді болмақ. Кез келген адам  жүрегін, бауырын, өкпесін немесе бүйрегін өсіре алады, ол қазірі донорлықтан екі есе арзан және жылдам жүргізілетін процесс болады.
 
6. Қосымша виртуальды шындық



Facebook (Oculus), Google (Магия Leap), Microsoft (Hololens), Sony, Qualcomm, HTC сынеды алып компаниялар қаржы салып жатқан  миллиндаған доллар өзінің қайтарымын бере бастайтын болады. Пайдаланылатын интерфейстер мен дисплейлерді жаңа толқын пайда болады. Қазірі кездегі смартфондар экрандары, компьютер дән теледидар тариых сахнасына кетеді, оларды көзілдірік алмастыратын болады.
 
 8. Блокчейн


Жақын уақыттарда адамдар биткойн туралы біле бастайтын болады. Биткойн – ол  орталықсыздандырылған қауіпсіз криптовалюта. Бұл электронды ақша емес, ол делдалдарсыз цифрлық активтерді тікелей және қауіпсіз беруді іске асыратын блокчейн.
 
Міне, ғылым мен техниканың үздіксіз дамуы  бізге осындай жаңа мүмкіндіктер сыйламақ.

Дереккөзі: reactor.inform.kz
нравится:    1117
Теги: Главная, Технология,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии