24 Август
12:43
Астана: 25 °C
Алматы: 23 °C
USD/KZT: 333.32
EUR/KZT: 392.58
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.02
Әлем жаңалықтары
11 қараша 13:22
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

2030 жылға қарай Қазақстандағы халық саны 21 млн-нан асады
2030 жылға қарай елімізде халық саны 21,5 млн адамға дейін өсуі күтілуде. Сонымен қатар қарт адамдардың үлесі 11,2 %-ға артады.


Бұл турады Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мәлім етті.

«Ұлттық сарапшылардың және Ұлттық экономика министрлігінің болжамдары бойынша, 2030 жылға қарай халық саны 21,5 млн адамға дейін өседі», – деді Дүйсенова.

Сондай-ақ оның айтуынша, қарт адамдардың саны 2014 жылы 6,9%-дан 2030 жылы 11,2% дейін өседі.

«Егер дамыған елдерге қарайтын болсақ, оларда қарт адамдардың үлесі жалпы халық санының 20-25% құрайды және оларға денсаулық сақтау жүйесіне бағытталған барлық шығындардың 30-40 % келеді. Мұндай құрылымға сәйкес денсаулық сақтау қызметтеріне сұраныс өседі», – деді ол.

Демек елімізде қарт адамдар санының ұлғаюына байланысты медициналық қызмет көрсетулерге сұраныс артады деп күтілуде.

Министр 2016-2020 жылдарға арналған «Денсаулық» денсаулық сақтауды дамыту бағдарламасында патронажды қызметті, оңалту қызметтерін, палиативті көмекті дамытуды қарастыру қажет екенін айтып өтті.


Дереккөз: Алматы ТВ
нравится:    808
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии