21 Август
17:57
Астана: 25 °C
Алматы: 24 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Экономика
10 шілде 15:11
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

25 жастағы қазақстандық бағдарламашы еңбегімен тапқан 2 млн. долларды обыр дертімен күресуға жұмсамақ


Ірі банктік Barclays тобы ақпаратының 50 петабайтымен жұмыс істеген қазақстандық бағдарламашы өзінің 2 миллион гонорарын обырмен күреске жәрдемдесетін зерттеуге берді. Ауқымды жобаларға қатысушы Асхат Мұрзабаев одан тыс дарынды қазақстандықтарды іздеп, үздік компанияларға жұмысқа орналастыру жөніндегі стартап - HiPO.kz-тің негізін қалаушы. Оның мақсаты - Қазақстандағы барлық «хайперлерді» (high potential - әлеуеті жоғары адамдар) бір алаңға жинап, оларға еңбек нарығындағы үздік мүмкіндіктерді беру. Шынымды айтсам, жобадағы басты мақсатым ақша емес, мен жаңа тәжірибе, жаңа таныстық, жаңа білімге ұмтылыс үстінде жүретін жанмын. Бізде бірде банк топ-менеджерлері мен банкирлер ақшаны қайда жұмсайды деген әңгіме туды. Көпшілігі: сигарет, түнгі клуб, яхта т.б. деп ойлайды. Алайда Barclays командасындағылардың көпшілігі салауатты өмір салтын ұстанады, марафонда жүгіреді, ерікті ретінде көмек қолын созады және т.б. Негізінен, бұл кездесуде осы гонорарымды әлемдік маңызы бар бір пайдалы іске жаратам дедім. Мен ақшаны обыр саласындағы зерттеумен айналысатын халықаралық ұйымға аудардым. Топ-менеджерлер менің әр фунтыма  өздерінің 2 фунттарын үстінен қосатындарын айтты.
Әлемдегі ең күрделі проблемалардың бірі - обыр деп ойлаймын. Мұны аурухана кереуетін ұлғайтумен шешу мүмкін емес, онкологияда оның себебін, ауруды бастапқы кезеңде анықтау аса маңызды.
Кезінде докторантураға барып көргім келген. Бірақ бұл аса күрделі жол. Обырды зерделеу үшін зертханаларда күн-түн өткізіп, терең, тынымсыз еңбек ету қажет. Өмірін осындай жұмысқа арнаған адамдарды ерекше құрметтеймін. Олар мықты адамдар, сондықтан да оларды қолдағым келді. Әлемде ғылымға көп ақша бөліне бермейді. Өз тарапымнан адамзаттың жаһандық проблемаларын шешуге өмірлерін сарп етіп жүрген жандарға қаржылай көмек көрсеткім келді.

Дереккөзі: kazinform.kz

 
нравится:    632
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии