|    |  
17 қараша 2018
07:28
қаз
25 жыл түрмеде отырғаннан кейін ақталған америкалыққа $6 млн төленеді
24 маусым, 09:42 764
""



Нью-Йорк  билігі кісі өлтірді деген айыппен сотталып, 25 жыл түрмеде отырғаннан кейін ақталған ер адамға   6,25 млн доллар төлеуге келісті деп хабарлайды BBC.


Джонатан  Флемингтің айғақты дәлелін прокурорлар мойындағаннан кейін оны өткен жылы түрмеден  босатқан.
«Флеминг  түрмеден босағаннан кейін өзіне жалған айып тағылғаны үшін 162 миллион доллар айыппұл талап етпекші болды. Алайда екі тарап бір мәмлеге келді. Біз әрине,  қапаста отырған жылдарын қайтарып бере алмаймыз. Тек Нью-Йорк оған  қатысты жасаған әділетсіздігі үшін өтемақы ұсына алады», - деді Нью-Йорк қазынашысы Скотт Сингер.

Белгілі болғандай, 1989 жылы айыптау жағына шыққан прокурорларда Джонатан  Флемингте нақты айғақ - Нью-Йорктегі орын алған кісі өліміне дейін бес сағат бұрын төленген Флорида қонақүйінің чегі болған. Алайда прокурорлар бұл айғақты жасырып қалған.

 
Теги: Главная
Жаңалықтар