24 Август
01:23
Астана: 16 °C
Алматы: 13 °C
USD/KZT: 333.32
EUR/KZT: 392.58
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.02
Экономика
1 шілде 18:38
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

30-ға жетпей орда бұзған іскерлер


Әлемдегі табысты адамдар рейтингіне енушілер саны жыл санап жасарып келеді. Олардың креативті ойлары мен жеткен жетістіктері таңдай қақтырмай қоймайды. Қазақ “Жас келсе іске” деп осындайда айтса керек.

Сонымен, төменде 30-ға жетпей жатып бизнестің биік асуын бағындырған ең табысты жеті іскердің тізімі.

 

Дейкин Клосс, 25 жаста

Мұнай саласында табыс тауып қана қоймай, өз атыңды шығару үшін не істеуге болады? Бұл сұрақтың жауабын Дейкин Клосс тапты. Ол  2013 жылы мұнай-газ компанияларына ұңғыманы қай жерден қазып, қандай əдісті қолдану керектігін анықтайтын софт шығаратын Tachyus компаниясын ашқан. Бұл кəсіпкердің бағдарламасы арифметикаға емес, тұтастай физика заңдарына негізделген.   Сонымен қатар Tachyus мұнайшылар жұмысының тиімділігін 20% арттыратын көрінеді. Бұл стартап 20 миллион доллар қаржылық қолдау тауып, 13 кен орынында 6 000 ұңғыманы қазуда қолданылған. Көбінесе Калифорнияда кең қолданысқа ие.

 

Эшли Грэм, 28 жаста

Эшли 12 жасынан бері сəн саласында жүр. Дегенмен, оның пиццаға деген махаббаты оған 54-өлшемді киім киюге мəжбүр етті. Соған қарамастан ол өлшемі 54-тен жоғары америкалық əйелдердің құқығын қорғап жүр.
Эшли Грэм — сəн əлеміне сай емес өлшемдеріне қарамастан 5 рет сəн журналдарының алғашқы бетінен көрініп, 2015 жылы Sports Illustrated санына түскен. Сонымен қатар plus-size əйелдерге арналған ішкі киім дизайнері ретінде танылған. Оны Эшли  «Addition Elle» атты канадалық ритейлермен бірігіп ашқан болатын. Былтырғы жылы сатылым кірісі  1,6 млн долларды құрады.

 

Клара Сиг, 29 жаста

Клара жас та болса Revolution Ventures қорының серіктесі. Сонымен қатар 4 компанияның директорлар кеңесіне кіреді. Оның ішінде Busbud автобусында саяхаттау қызметі, Framebridge фото жиектемесін шығаратын сервис бар. Ол AOL компаниясының негізін қалаған миллиардер Стив Кейстің қорына  650 миллион доллар тартуға көмектескен.  Сонымен қатар Нью-Йорк, Денвер, Монреаль секілді жерлердің стартаптарына қаржы салған. 2015 жылы Revolution нарық тұрақсыздығынан ірі келісім жасамаған. Дегенмен,  бүгінде сақтандыру сегментіне қызығушылық танытып отыр екен.

 

Марсела Сапон, 29 жаста

Марсела Гарвард бизнес мектебінің тағы бір түлегі Джессика Бекпен бірігіп ерекше əрі ыңғайлы технологиялық батлер-сервис ойлап тапқан.   Соның нәтижесінде 2014 жылы Hello Alfred компаниясын ашты. Оған 12,5 миллион доллар қаржы салынған.  Бұл қызметті Бостон, Нью-Йорк қалаларының тұрғындары белсенді қолданып жүр.   Hello Alfred 32 долларға үйіңізді жинап, сауда жасап, сіз үшін тамақ əзірлеп,   кір  жуып, үтіктеп, күнделікті күйбің тірлікті жеңілдетеді.

 

Шон Мендес, 17 жаста

Forbes-тың айтуынша, үздік бестіктің соңын ең жас Шон Мендес түйіндеп тұр. Ол Vine сервисіне алты секундты кавер поп-хиттерін салу арқылы танылған. 2015 жылы Мендес Handwritten дебют альбомын шығарып, АҚШ, Канада, Норвегияда алдыңғы орындардан көрінген. Жас орындаушының өнерін AG Artists агенттігінің негізін салушы Эндрю Гертлер жоғары бағалап, əншінің менеджері атанды.

 

Джон Бойега, 23 жаста

«Жұлдыздар соғысы» («Игра престолов») фильмінің жұлдызы Джон Бойега қазір әлемге танылған актер. Лондондағы мигранттар отбасынан шыққан Бойеги үшін жетінші эпизод ерекше танымалдылық әкелді. Бірақ, оған қол жеткізбеуі де мүмкін еді. «Менің бірінші тыңдалымым өте нашар өтті. Мен екі минутқа кешігіп бардым. Бірақ үлкен мүмкіндік екенін білгендіктен, ол уақыт маған екі сағаттай көрінген еді» дейді актер.

 

Джуел Беркс, 26 жаста

Джуел Беркс өз қызметін Google компаниясында бастаған. Бірақ апасының ісік ауруына шалдығуына байланысты туған жері Атлантаға кеткен. Ол жерде өндіріс құрамдарының тасымалымен айналысатын танымал америкалық McMaster-Carr компаниясына жұмысқа орналасқан. Жаңа жұмыс орнына келе сала ол 550 000 өнімнің астан кестең жатқанын көреді.  «Мен осындай ірі компания өз жұмысында технологиялық құлау алдында тұрғанын көріп таң қалдым. Барлығын жақсартқым келді», дейді Джеул. Ол смартфондағы қосымша арқылы қажетті детальді тауып, оған тапсырыс беруге мүмкіндік беретін Partpic жүйесін  ойлап тапты. Partpic — тің тағы бір негізін салушы Джейсон Крейн де Google-де жұмыс істеген. Бұл сервистің кодын Джорджия штатының технология Университеті түлектері жасапты. Беркс-Крейн тандемі 1,5 млн доллар қаржылық қолдау тауып, осы жылы жазда АҚШ президенті Барак Обамамен кездесуге мүмкіндік алды.



Дереккөзі: bbn.kz


 
нравится:    901
Теги: Бизнес, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии