21 Октябрь
23:29
Астана: 1 °C
Алматы: 13 °C
USD/KZT: 335.24
EUR/KZT: 395.82
RUB/KZT: 5.82
CNY/KZT: 50.65
Әлем жаңалықтары
16 қыркүйек 10:48
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​300 мәрте ота жасатқан әртістің әлпеті адам шошырлық

 
57 жастағы британдық әнші Пит Бернс бетіне 300 мәрте ота жасатқан. Ол өзін Франкенштейн құбыжығы деп атайды. Ол Dead or Alive рок-тобының әншісі. Әлпеті адам шошырлық халге жеткен. Жас күнінде келбетті болған. Бірақ бұл келбетіне оның көңілі толмапты. Тұла бойын мінсіз етуді қалаған екен.

Жас кезіндегі келбеті


Ол алғаш рет көше бұзақылары мұрнын сындырғанда ота жасатқан. Кейін затын әйелге ауыстырғысы келіп, ернін үлкейткен. Жасанды шаш киіп, бес батпан бояу жағуға кіріседі. Бұнымен тоқтағысы келмеген ол, хирург кабинетіне баруды жиілетеді. Бетінің сау-тамтығы қалмаса да дәрігерлердің кеңесіне құлақ аспаған.
 


Әр кез бұрын жасалған отаны жаңартып, түзеттіре берген. Соңғы жасалған оталардың бірінде ажал аузынан қалыпты. «Ота жасалғаннан кейін бірнеше күннен соң менің жағдайым нашарлап, ауруханаға жатқызды. Дәрігерлер 10 күн бойы менің өмірім үшін күресті. Мен жазылдым. Бірақ ота жасатуды жалғастыра беремін. Мен мінсіз болғым келеді»-дейді өзі. Есінен алжасқан дерсің.
 






Дереккөз: https://life.ru/
нравится:    1552
Теги: Денсаулық, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии