21 Август
17:56
Астана: 25 °C
Алматы: 24 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
16 шілде 13:37
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

4 жасар қызды анасы екі апта бойы түнде скотчпен байлап ұйықтатып, өлтіріп алған


33 жастағы Келли Баллингер екі апта бойы қызын түнде скотчпен байлап ұйықтатуды күнделікті дағдыға айналдырған. Нәтижесінде бір күні төрт жасар Дезари ұйқыдан оянбай қалды.

Келли Баллингер өзінің сүйіктісі Мэтью Лонгеккермен бірге әрбір түн сайын өздеріне кедергі жасамас үшін төрт жасар қызды көрпенің үстінен скотчпен жапсырып ұйықтатқан. Детективтердің айтуы бойынша, соңғы кездері олар тіпті қыздың бет-аузына да скотч жапсырып тастаған. Осының нәтижесінде төрт жасар қыз ауа жетпей тұншығып өлген.



Полиция әдетте бүлдіршінді әжесі тәрбиелеп жүргенін анықтады, алайда ғашықтар жұбы біраз уақыттан бері әжесіне немересін көруге тыйым салған көрінеді. Әжесі болса немересінің әрдайым көңілді жүретінін айтып еске алуда.

Айта кететін жайт, төрт жасар Дезариден бөлек отбасында тағы екі кішкентай сәби бар екен, олар қазір тиісті органға тапсырылды.



Полиция қызметкерлері Дезаридің денесінен көптеген соққыдан көгерген жерлер мен жарақаттарды тапты. Шамасы, Келли Баллингер мен Мэтью Лонгеккердің бала тәрбиелеу кезінде кішкентай қызды ұрып-соққан болуы мүмкін деп отыр олар.

Енді ғашықтарға балаларды ұрып-соғып тәрбиелеу және адам өлтіруге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Олар өмір бойы бас бостандығынан айырылу жазасына тартылуы мүмкін.

 
нравится:    286
Теги: Главная, Қылмыс,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии