26 Май
23:46
Астана: 15 °C
Алматы: 18 °C
USD/KZT: 327.42
EUR/KZT: 383.51
RUB/KZT: 5.29
CNY/KZT: 51.26
Әлем жаңалықтары
5 ақпан 16:05
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

40 жастағы қалыңдық тойында ұйықтап қалып, жігіті оны тастап кеткен
Ұлыбританияның 40 жастағы тұрғыны Никола Туохи тойында ұйықтап қалып, жігіті оны тастап кеткен.


 
38 жастағы Даррен Ферн оған танысқаннан кейін бес апта өткенде алғаш рет ұсыныс жасаған. Бірақ ол кезде қалыңдық әлі тұрмыс құруға дайын еместігін айтқан. Кейін екінші рет ұсыныс жасағанда Никола келісім берген. Екеуі тойға 17 ай бойы дайындалған Дайықдық жұмыстарына Николаның үш баласы да көмектесіпті.



Той болардан бір күн бұрын олар репетиция жасаған. Бірақ қалыңдық оятқыш қоюды ұмытып кетіп, ұйықтап қалған. Ол ертерек тұрып шаштаразға баруы керек болған. Ал визажист кешігіп келген. Ақырында асығыс жасалған образ қалыңдыққа ұнамай ол жылап алған. Макияжын қайта жасауға тура келген. Никола өз басымен әлек болып жатқанда күйеу жігіт пен қонақтар оны шіркеуде неке қию үшін күтіп отырған.
 


Қалыңдығына хабарласқан жігіт одан үстіндегі киімімен келе беруді өтінген. Қалыңдық кешіккеннен кейін диджей күтіп қалған уақыттың ақшасын төлеуді талап еткен. Ақыр соңында түсінбестік туындап, күйеу жігіт пен қалыңдық ажырасып кеткен. Қалыңдық болса жігітін әлі оралар деп үміттенетінін айтады.
 
Дереккөз: https://life.ru
нравится:    127
Теги: Әлемде талай қызық бар, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте также:
Загрузка...

Комментарии