|    |  
20 қазан 2019
16:20
қаз
5 көз байлаушы жұлдызнама белгісі
20 тамыз 2018, 09:51 40
Мейірімділік - адамға тән ең жақсы қасиеттердің бірі. Өкінішке орай, көз байлаушы адамдар өз мақсаттарына қол жеткізу үшін бұл қасиеттің өзін жиі пайдаланып кетіп жатады. Олар өте өзімшіл келеді және өзгеге қалай зиянын тигізуі мүмкін екендігіне еш алаңдамайды да. Егер сіз басқа біреудің мейірімділігін пайдаланғыңыз келсе, онда сіз ар-ұжданнан, мейірімнен жұрдайсыз. Ендеше, көз байлаушы әрекеттерге бара алатын қандай жұлдызнама белгілері бар екен, назар аударып көрелік.



1. Егіздер

Егер егіздер ойға шомып, өзгелерді неге пайдаланатындығын сәл ойланса, ұялар еді. Сондықтан да бұл туралы олар еш ойланбайды да. Егер егіздерге олардың орынсыз тәртібін бетіне басып айтса, олар бұл әңгімені елемейді немесе басқа арнаға бұрады. Ал егер олардың көз байлағыш әрекеттерін бетіне басса, сіздің көз алдыңыздан біраз уақытқа жоғалып кетері де анық.

2. Таразы

Бұл белгі барлық адамның бақытты болуын қалайды, бірақ бірінші кезекте оның өзі бақытты болуы тиіс, өйткені таразы белгісіне тиесілі адамдар өзгенің жауаптылығы мен мейірімділігіне ие болса, бұл әрекетінен еш оғаттық көрмейді. Өзінің жанашыр көрінуі үшін, өзге адамдарды пайдалануы әбден мүмкін. Таразылар бірінші кезекте өзін ойлау қажеттігіне шынайы түрде сенеді.

3. Сарышаян

Сарышаяндар көз байлағыштардың нақ өзі болып сналады және мақсатқа жету үшін ештеңеден аянып қалмасы анық. Олар өзгенің қамқорлығын өз мақсатында пайдаланады. Егер сарышаянға күдігіңіз туралы айтсаңыз, ол еш мойындамайды және жағдайды күрделендіріп, өзін таза әрі шынайы көрсетеді.

4. Мерген

Егер мергенге бір нәрсе қажет болса, ол ойланбастан таныстары мен достарынан сұрайды, және де бұл сұрауынан еш ерсілік көрмейді. Мәселен ол біреудің үйіне «баратын еш жерім жоқ еді деп» бірнеше күнге орналасып алуы да мүмкін. Олар өздерін тамаша қонақ және пікірлес ретінде сезінеді, сондықтан өзгенің үйінде қонақтау өзге адамдарға тек қана қуаныш әкеледі деп ұғады.

5. Балықтар

Балықтар ешкімнің мейірімділігін аса пайдаланбайды, алайда олар әрдайым бақытсыз құрбандықтың рөлін ойнағыш келеді. Балық жанашырлық пен қайырымдылыққа қол жеткізу үшін өз қиындықтарын, проблемаларын көрсете біледі. Бұл жұлдызнама белгісі өзінің ашық әрі шыншыл екендігіне сенімді келеді, өзгені өзінің қиын күйіне сендіре алдым деп есептейді. Сондықтан да эмоционалды көз байлаушылық олар үшін өз мақсатына, діттеген ойына жетудің бір жолы, мұндайда адалдық пен шыншылдықты ысырып қояды.


Дереккөз:  Flytothesky.ru


Жаңалықтар