15 Декабрь
14:20
Астана: -12 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 334.92
EUR/KZT: 395.88
RUB/KZT: 5.71
CNY/KZT: 50.69
Әлем жаңалықтары
25 қыркүйек 09:08
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

54 жастағы әйел құтқару қызметіне бір түн ішінде 600 рет қоңырау шалған
Францияда бір түн ішінде  құтқару қызметіне 600 рет қоңырау шалған әйел ұсталды. Әйел 115 номеріне - үйсіз қалғандарға көмек көрсету қызметіне 400 рет қоңырау шалған.Ал операторларға өзіне қандай көмек қажет екендігін түсіндіре алмаған.



Шетелдік БАҚ-тың хабарлауынша, 23 қыркүйекке қараған түнде 54 жастағы әйел жедел жәрдем қызметіне 176 рет, өрт сөндіру бөліміне 18 рет және полицияға 8 рет хабарласқан. Әйел құтқару қызметіне қайта-қайта қоңырау шалып, мазалап жатқан кезде басқа көмек қажет еткен адамдар телефон соға  алмай әлек болған.
Полиция қызметкерлері әйелді анықтады, ол Тулуза қаласының тұрғыны болып шықты. Полицияның мәліметінше, әйел үйінің кіреберісін өртемек болған.  Алдын ала белгілі болғандай, әйел адам психикалық дертке шалдыққан болып шықты.

Дереккөзі: ҚазАқпарат
нравится:    917
Теги: Денсаулық, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии