20 Апрель
10:45
Астана: 6 °C
Алматы: 11 °C
USD/KZT: 325.79
EUR/KZT: 402.94
RUB/KZT: 5.33
CNY/KZT: 51.90
Әлем жаңалықтары
25 наурыз 12:55
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

6 еркек жабылып зорлаған 11 жасар қыз ауру баланы дүниеге әкелді


Үндістанның Раджкота қаласында 6 жұмысшы еркек жабылып зорлаған 11 жасар қыз ауру қыз баланы дүниеге әкелді. Жастайынан жәбір көрген жас ананың шешесі оның жүктілігіне 8 ай толған кезде ғана жағдайды айтып, полицияға шағымданған, деп хабарлайды kratko-news.com.

Жергілікті полиция қызметкерлерінің мәлімдеуінше, 17-60 жас аралығындағы бес еркек оқушы қызды жұмыс береміз деп алдап, үйге кіргізіп, жабылып зорлаған. Қазіргі сәтте қылмыскерлердің барлығы да тұтқындалған. Жас ананы босандыру үшін кесарь тілігі жасалған, ал ол дүниеге әкелген қыз баланың жағдайы өте нашар – туабітті бірнеше потологиялық аурулары бар.

17 наурызда дүниеге келген сәбидің дамуында елеулі ақаулар кездеседі, омыртқасы жұлынды қатты зақымдаған. Дәрігерлер сәбидің денсаулығына диагноз қойып, оның өмір сүруіне қатысты жағымсыз болжамдар жасауда: сәби ұзақ өмір сүрмеуі мүмкін және өмір бойы сал ауруы мен инфекциялардан қатты азап шегетін болады.

11 жасар жас ананың өзі толық емес отбасына тәрбиеленуде, әкесі қайтыс болған, ал анасы үй қызметшісі болып күн көріп келеді. Тұрмыстары төмен олар жаңа туған сәбиге тиісті күтім жасай алмауы мүмкін.

Қылмыскерлерді қандай жаза күтіп тұрғаны әзірге белгісіз – қылмыстық іс бойынша тергеу жұмыстары жалғасуда.
 
нравится:    614
Теги: Главная, Қылмыс,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте также:
Загрузка...

Комментарии