22 Ноябрь
20:28
Астана: -6 °C
Алматы: -1 °C
USD/KZT: 330.29
EUR/KZT: 387.27
RUB/KZT: 5.56
CNY/KZT: 49.80
Әлем жаңалықтары
27 қазан 16:33
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​60 жылдан кейін қажылық мүлдем тоқтатылуы мүмкін

АҚШ метеорологтарының болжамынша, шамамен 60 жылдан кейін Таяу Шығыста адамзат өмір сүре алмайтындай климат орнайды. Әсіресе, Парсы шығанағы елдерінде адамдар тек салқындатқыш орнатылған арнайы бөлмелерде ғана күнелтеді дейді олар. Бұл өз кезегінде мұсылмандардың қажылық сапарына тоқтау салуы мүмкін. Ғалымдардың осы тақырыпта жазған ғылыми еңбектері Nature Climate Change журналында басылып шықты. 

Ғалымдардың айтуынша, араб елдерінде жарты ғасырдан кейін күн астында жүру мүмкін болмай қалады. Сондықтан проблеманың шешіміне жергілікті билік қазірден бас ауыртқаны жөн дейді олар.

2071-2100 жылдар аралығында Катар, БАӘ және Иранда күн ерекше ысып, Дубай, Абу-Даби, Доха сынды қалаларда тіршіліктің қалуы екіталай. Қазіргі күннің өзінде аталған шаһарларда ауа температурасы рекордтық көрсеткіштерге жетіп жығылады.

Мәселен, биыл жазда Иран мен Ирак аумағында күндіз термометр бағаны 50 градустық көрсеткішті ұстап тұрса, түннің өзінде 30 градустан төмендеген жоқ. Дегенмен, қауіптің бетін қайтаруға болатын көрінеді. Ол үшін Батыс елдері атмосфераға тастап жатқан праниктік газдардың көлемін күр азайту керек.  

​Baq.kz
нравится:    1211
Теги: Қоғам,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии