17 Август
23:32
Астана: 20 °C
Алматы: 18 °C
USD/KZT: 332.68
EUR/KZT: 389.40
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.85
Әлем жаңалықтары
15 шілде 15:11
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

70-тегі қария 60 жасында тұңғышын босанған кемпірімен ажырасып кетті


Сербиялық қария 60 жасында тұңғышын босанған кемпірін тастап кетті, деп мәлімдеді The Daily Mail басылымы .

Нови-Пазар қаласында тұратын 60 жастағы Атифа Ляджич пен оның 68 жастағы күйеуі Сериф Нокич соңғы 20 жыл ішінде бедеуліктен емделіп жүр екен.

Шілде айының басында зейнеткерлердің арманы орындалып, Атифа дүниеге қыз бала алып келеді. Сәбидің есімін Алина деп қояды. Алайда жұптың қуанышы көпке созылмады. Сәбидің күні-түні жылағанына шыдамаған Сериф мырза ажырасқысы келетінін айтқан.



Сериф Нокеч әйеліне қант диабетімен ауыратынын сылтауратқан. Мұнымен қатар, жүрегінде ақауы барын сөз еткен. Осылайша, ол өз денсаулығын сақтап қалу мақсатында әйелімен ажырасып кеткен-ді.



Атифа Ляджич күйеуінің қалауына қарсы келмей, ажырасуға бірден келісімін берген. “Сериф бізден бас тартса да, мен қызымды асыраймын. Оның ел қатарлы өмір сүруіне жағдай жасаймын. Тек қызым үшін ғана өмір сүретін боламын. Мұның оңайға соқпайтынын білемін. Десе де, қайырымды жандардан үмітім бар”, – дейді ол.


Дереккөзі: Stan.kz
нравится:    879
Теги: Әлемде талай қызық бар, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии