18 Декабрь
20:41
Астана: -18 °C
Алматы: -5 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Әлем жаңалықтары
4 тамыз 10:33
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

79 жастағы күйеу жігіт өз тойында 800 метрге жүзді
Норвегиялық 79 жастағы азамат Трюгве Бернхардсен өзі үйленетін 65-тегі Эллен Хертцбергке дейінгі 800 метрлік жерді жүзіп баруға шешім қабылдады. Бұл туралы TheLocal.no хабарлады.


Қария бұл аралықты екі немересінің жанында жүзіп отыруларымен бағындырды. Бұл суға жүзудің бір қиындығы, сол күні ашық теңіздегі жағдай да мұндай ерлік жасауға оншалықты қолайлы бола қоймапты. Шамалыдан кейін себелеп жаңбыр жауып кеткен де, арты күшті желге ұласқан. Ал судың жылылығы 14 градустан аспаған. Соған қарамастан, қария бұл кедергілерден өте білген.

Суға түсер алдында Трюгве журналистермен кездесіп, оларға осы салтанатқа қатысуларының өзі оның қайтар жолда жақсы жүзіп келуіне кепіл болатынын айтып әзілдеген.

Суда жүзіп келгеннен кейін күйеу жігіт мұның өзі үшін үлкен сынақ болғанын мойындаған. Жас кезінде ұзақ жылдар жүзумен шұғылданған ол «суықтан аяқтарының түгел жансызданып қалғанын» жеткізді.

Бұл жұптың бір-бірлерімен таныс болғандарына 15 жылдан асыпты. Сол кезде Трюгве өзінің яхтасын Элленнің үйінің маңына байлапты. Олар қазір сонда тұрып жатыр. «Бұл – біздің жұмағымыз», – дейді жас жұбайлар қазір.

Дереккөзі: ras.kz
нравится:    862
Теги: Әлемде талай қызық бар, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии