17 Декабрь
23:48
Астана: -18 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Кербез
29 ақпан 14:55
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

8 наурызда қыздарға не сыйлауға болмайды?

Көктеммен бірге көңілге қуаныш пен шаттық әкелетін аяулы аналарымыздың және аруларымыздың төл мерекесін бәріміз де асыға күтеміз. 8 наурыз мерекесінде ерлер сыйлық іздеп, тосын сый жасауға тырысады. Алайда сүйіктіңізді мереке күні қуантамын деп, керісінше реңжітіп алмаңыз. Себебі кейбір сыйлықтарды сыйламаған жөн.

Арықтауға арналған құралдар немесе фитнеске абонемент. Егер сүйіктіңіз дене бітіміне бола қысылатын болса, ол сіздің оған араласуыңыз қажет деген сөз емес. Тіпті сіз оның соңғы 1-2 аптада тәтті тағамдардан бас тартпайтынын байқасаңыз да, сүйіктіңізге ешқашан да таразы cыйламаңыз.

Әжімдер мен безеулерге қарсы иісмайлар. Кез келген әйел ер адамның оның бет-әлпетіне қатты мән бере бермейді деп ойлайды. Ал егер сіз сүйіктіңіздің кемшіліктерін байқағаныңызды түсінсе, әрине, оны реңжітіп аласыз. Сондықтан да жігіттердің міндеті − ұсақ-түйек нәрселерді байқамау екендігін ұмытпаңыз.

Үй жануарлары. Сүйіктіңіз үй жануарларын қатты жақсы көрсе де, ол 8 наурызда өзіне сыйлық ретінде мысық немесе итті алғысы келеді деген сөз емес. Әйтпесе, сыйлығыңыз сол күні-ақ өзіңізбен бірге қайтады.

Иіссу немесе косметика. Ойлап қарасаңыз, иіссу немесе косметиканы сыйлау кең таралған. Алайда иіссу таңдауда талғамыңыз болса. әлде сүйіктіңіздің қандай ерін далабын қалайтынын білсеңіз қорықпай ала берсеңіз болады. Дегенмен таңдау жасағанда күмәндансаңыз, сатушымен ақылдасқан дұрыс.

Жейде немесе белдемше. Сіздің көзіңіз қаншалықты өткір болса да, ол сүйіктіңіздің киімінің мөлшері XS немесе S екендігіне кепілдік емес. Сондықтан тәуекелге бармаңыз, қателесіп қалу қаупіңіз бар.

Екі адамға арналған туристік жолдама. Әрине, бұл тосын сый болары сөзсіз. Бірақ бұл идеядан бас тартуға бірнеше себеп бар. Біріншіден, мүмкін сүйіктіңіздің ол уақытқа басқа жоспарлары бар шығар. Екіншіден, сіз жолдаманы Турцияға алып, ал сүйіктіңіз Парижге баруды армандап жүр. Сондықтан мұндай сыйлық жасаудың алдында сүйіктіңізбен немесе құрбысымен ақылдасқан жөн.

Ақшалай сыйлық. Әрине, сыйлық алуға уақытыңыз болмай немесе сыйлықты онлайн жеткізу жағынан қиындықтар туып жатуы мүмкін. Бірақ ең басты сыйлық − ол сіздің ілтипатыңыз. Аруларымызға көңіл бөлуді ұмытпағаныңыз жөн. Сол себепті конвертке салынған ақшаны сүйіктіңіз дұрыс көңіл бөлмегеніңіздің дәлелі деп түсінуі мүмкін.

Тұрмыстық техника. Еш жағдайда 8 наурызда сүйіктіңізге шаңсорғыш, тоңазытқыш немесе қысқа толқынды пеш сыйламаңыз. Ондай бұйымдарды басқа күні де сыйлауға болады. Кез келген әйел бұл күні өзін «үй шаруасындағы әйел» статусында сезінгісі келмейді.

Дегенмен адамның ыстық ықыласынан асқан сыйлық жоқ. Сондықтан сүйіктілеріңізді әрдайым қуантып, тосын сыйларды жасауды ұмытпаңыз. 

massaget.kz
нравится:    1178
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии