22 Ноябрь
20:35
Астана: -6 °C
Алматы: -1 °C
USD/KZT: 330.29
EUR/KZT: 387.27
RUB/KZT: 5.56
CNY/KZT: 49.80
Әлем жаңалықтары
19 мамыр 09:34
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

80 жастағы польшалық ерлі-зайыптылар Лондондағы клубта таңға дейін билеген
Лондондағы түнгі клубқа Варшавадан арнайы келген 80 жастағы ерлі-зайыптылар таңғы сағат  беске дейін билеген. Бұл туралы The Evening Standard сілтеме жасап lenta.ru  жазады.



Қариялар Лондонға қыздарының үйіне қонаққа келген. Қаладағы саяхаттарын қызықты өткізу үшін өздеріне ұнайтын жерлерді газеттен қарап тапқан. Олар WetYourSelf кешіне арнайы билет сатып алған. Кешкі сағат 22:00 шамасында келген ата мен апа онда таңға дейін болған.

Түнгі клубтың диджейі Джейкоб Хансен (Jacob Hansen) мен қызметкерлер қарияларды басында дұрыс білмейтін қалада, адасып келді деп ойлаған. Өйткені қонақтар ағылшын тілінде әрең сөйлеп тұрған.

«Мен оларды кеш қонақтарының біріне келген туысы деп ойладым. Күзетші екі қарт кісінің осы кешке арналған билеттері барын айтты»,-дейді  клуб диджейі.

Хансен клубта отырғандардың арасынан  польша тілін білетін азаматты тауып, қариялардың мақсатын сұраған. Қариялардың жағдайына бей-жай қарамаған диджей олардың көңілі жас екеніне жүрегі елжіреп қолынан келгенше қолдау көрсетіпті.
нравится:    596
Теги: Әлемде талай қызық бар, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии