19 Август
04:09
Астана: 12 °C
Алматы: 11 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
12 қаңтар 15:21
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

84 жастағы миллиардер Руперт Мердок атақты супермодельге үйленбек
Медиамагнат Руперт Мердок Мик Джаггердің бұрынғы құрбысы Джерри Холлмен үйленетінін мәлімдеді. Кәсіпкердің бұл осымен төртінші некесі. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлайды.






Британдық The Rolling Stones тобыбының солисі Мик Джагердің ұзақ жыл бойғы жолдасы, бұрынғы супермодель Джерри Холл өз бақытын тапты. Оның таңдауы 84 жастағы медиамагнат Руперт Мердок болды.

Мердоктың соңғы некесі америкалық кәсіпкер әйел Венди Денгпен болған еді. Олар 2013 жылы айырылысып кетті. Холл Джагермен 22 жыл бірге тұрды. Бірақ, ол екеуінің ара қатынасы тұрақтала қоймады. Олардың Индонезияның Бали аралында өткен той салтанаты заңсыз деп танылған.

Руперт Мердок – танымал австралиялық және америкалық кәсіпкер, ірі БАҚ иесі, АҚШ, Австралия, Европа, Латын Америкасы мен Азия елдеріндегі кинокомпаниялар мен баспалардың қожайыны. Мансабынан бөлек ол саяси көзқарастарымен де танымал. Бір кездері, ол Барак Обаманы нағыз қара нәсілді президент деп санамайтынын, өйткені елде нәсілдік кемсітушілердің орын реттелмегенін айтқан.


 
нравится:    764
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии