Әлем жаңалықтары
8 мамыр 15:36
9 кеңес: Дәрі-дәрмексіз аллергиядан құтылудың жолдары



Аллергия — кеңінен тараған аурулардың бірі. Әлемде адамдардың 20 %-ы аллергиялық ринитке шалдыққан, ал 6 %-ының кем дегенде бір тағам түріне аллергиясы бар. Егер Сіз де аллергетиктер қатарына жататын болсаңыз, дер кезінде таблетка қабылдап, дәрігерге көріну керек екенін жақсы білесіз. Бұл мақалада біз аллергияға шалдыққан жандардың өмірін жеңілдету жолдары туралы әңгіме қозғайтын боламыз.
 
AdMe.ru дәрі-дәрмектің көмегінсіз аллергиядан құтылудың бірнеше жолын ұсынады.
 
1. Линзаны көзілдірікке алмастырыңыз

 
Егер Сіздің көзіңіз нашар көретін болса және линза тағатын болсаңыз, оны тезірек көзілдірікке алмастырғаныңыз дұрыс. Аллергендер тікелей линзаға түсуі мүмкін, ал көздің оларды шайып тастауға табиғи түрде ылғалдандыруы жетіспейді. Сондықтан қабыну мен қызаруды басатын антигистаминдік тамшыларды пайдаланылңыз.
 

2. Мұрын мен тамақты сумен шайыңыз

 
Күн сайын мұрын және ауыз қуыстарын физерітіндімен немесе тазартылған сумен шаюды әдетке айналдырыңыз. Бұл аллергендерді кетіріп, тыныс алуды жеңілдетеді және шоғырланып жиналып қалған шырышты алып түседі.
 

3. Душ қабылдаңыз және үйге келе салысымен киімдеріңізді жуыңыз

 
Денеде, киімде және аяқ киімде күн сайын тозаңның ұсақ бөліктері жиналып қалуы мүмкін. Олар Сіз үйге кіргеннен кейін де аллергияңызды қоздыруы мүмкін. Сондықтан, көшеден келе салысымен бірден душ қабылдаңыз және мүмкіндігінше тез арада киімдеріңізді жуып тазартуға тырысыз.
 
 
4. Киімдерді үйде кептіріңіз

 
Киімдерді балконда, көшеде кептіру  өте қауіпті: аллергендер киімдерге жабысып, ұстама дертін қоздыруы мүмкін. Ең дұрысы киімді бөлмеде кептіргеніңіз жөн.
 

5. Жаңбырдан кейін бөлмені желдетіңіз

 
Бөлмені жаңбырдан кейін немесе түнгі уақытта желдеткен дұрыс – бұл кезде ауадағы тозаңдар мөлшері төмендейді. Тозаңның ең көп мөлшерін таңғы мезгілде, желді ауа райында және найзағай алдында  байқауға болады. Егер күндіз бөлмені желдету қажет болған жағдайда терезе мен желкөзді ылғал дәкемен жабыңыз немесе ауа тазартқыш сатып алыңыз.

 
6. Косметикаңызға назар аударыңыз


Бал мен сүт экстрактісі қосылған сабынсу немесе шөп қосындылары бар душқа арналған гель асқынған екзеңде аллергиядан ұстама дертіне әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан косметика мен дене күтіміне арналған заттардың құрамын мұқият зерттеңіз. Экокосметиканың барлығы бірдей пайдалы емес, ал табиғи экстрактілер денсаулыққа кері әсер етуі де мүмкін.


7. Көлікте салқындатқышты пайдаланыңыз

 
Көлікте отырған кезде терезені ашпауға тырысыңыз, оның орнына салқындатқышты пайдаланыңыз (егер мүмкіндік болса, үйде де салқындатқышты пайдаланған жөн). Қазіргі кезде салқындатқыштарға арналған аллергендерді тұтып ұстап қалатын сүзгілердің түрлері өте көп.
 

8. Ылғалды тазалауға мән беріңіз

 
Күн сайын ылғалды тазалау пәтердегі аллергендер мөлшерін төмендетуге ықпал етеді. Паластар мен кілемдерді мүлдем жинап тастаған дұрыс: онда шаң-тозаңдар, қыл-қыбырлар көп жиналады және тозаң кенелері тіршілік етеді. Ал, шаңсорғыштарға аллергендерге қарсы сүзгіштерді пайдаланған дұрыс.
 

9. Қатаң диетаны ұстаныңыз

 
Тозаңға аллергиясы бар адамдардың көпшілігі тозаңды аллергендермен ұқсас сипаттамаға ие тағам өнімдерін жақтыра бермейді. Себебі тоғыспалы аллергиялық реакция дамуы мүмкін. Мысалы, арамшөтердің тозаңына аллергиясы бар адамдар балды, күнбағыс дәндерін, томаттар мен цитрустарды тұтынудан алшақ болғаны дұрыс. Қандай тағамдарды немесе өнімдерді жеуге болмайтыны туралы Сізге аллерголог-иммунолог кеңес беруі тиіс.
 
Ал Сіз аллергия күшейген кезеңде қалай қорғанасыз? Өзіңіздің пайдалы кеңестеріңізбен бөлісіңіз, мүмкін ол кеңестер басқа жандардың өмірін жеңілдететін шығар.
 

Комментарии




Яндекс.Метрика