17 Декабрь
12:06
Астана: -19 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Әлем жаңалықтары
30 наурыз 14:49
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

92 жастағы Мугабе 2018 жылғы сайлауға қатыспақ
Зимбабвенің 92 жастағы президенті Роберт Мугабе 2018 жылы өтетін мемлекет басшылығының орынтағы сайлауына қатысу ниеті бар екенін мәлімдеді. Бұл туралы Lenta.ru ақпарына сүйенген ras.kz хабарлады.

30-03-16-mugabe

ТАСС хабарлағандай, ол өзінің мұндай ойы бар екенін жапонның «Санкэй» газетіне берген сұхбатында айтқан. Қазіргі күндері Мугабе Токиода ресми сапармен жүр.

«Жақтастарым менің кандидатурамды ұсынады», – деді 92 жастағы президент. «Мен әлі ширақпын. Егер халық қаласа, өзімнің міндетімді жалғастыруға дайынмын», – деді ол.

Батыстың Зимбабведе оппозицияның басып тасталаты туралы таратқан сөзін Мугабе «елдің халқы тарапына айтылған қорлау» деп бағалады.

Роберт Мугабе Зимбабвенің сегізінші мәрте сайланған президенті болып табылады.

2014 жылы оның әйелі Грейс Мугабе күйеуіне елді алаңсыз басқаруы үшін арнайы мүгедектер арбасын сатып алып бергісі келетінін мәлімдеген болатын. Ол мемлекет басшысына күші сарқылғанша көмектесетінін жеткізді. Ал оппозиция мүшелері елдегі биліктің шын мәнінде Грейс Мугабенің қолында екенін айтады.
нравится:    753
Теги: Саясат, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии