22 Август
11:34
Астана: 24 °C
Алматы: 19 °C
USD/KZT: 332.58
EUR/KZT: 390.38
RUB/KZT: 5.63
CNY/KZT: 49.85
Мәдениет
22 қыркүйек 09:12
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Абай Бегей үйленді


«Аспанға қараймын» әнімен елдің көңілінен шыққан әнші Абай Бегей үйленді.

Бұл туралы Нұрлан Еспанов өзінің Инстаграм парақшасында жариялады.

Әнші жаңадан шыққан әніне бейнеклип түсіруде. Қалыңдықтың рөлін ойнап жатқан актрисаны кейбір қолданушылар Дана Кентай деп атап, құттықтап отыр.






Естеріңізге сала кетейік, былтыр 8 шілде күні Абай Бегейдің жары Жанат жұбайы Жанаттан қапыда айырылып қалған болатын. Қайғылы хабар әнші қажылыққа бара жатқан кезде жетіп, өнер иесі Алла жолындағы парыз болып табылатын сапарын амалсыз кейінге қалдырған болатын. Бүгінгі таңда әнші төрт баласын жалғыз тәрбиелеп отыр.





Биылғы жылдың басында, нақтырақ айтсақ ақпан айында желі қолданушылары "Абай Бегей екінші рет үйленді" деп шу шығарған болатын. Оған басты себеп - төмендегі фото болатын. 



Шынын айту керек, Абай Бегей жас келіншекпен түскен суретін әлеуметтік желіге жүктеген соң, әншіні екінші рет үйленді деп ойлағандардың қатары көбейе түсті. Алайда олардың бұл ойлары қате болып шықты.

Әйтсе де, әнші суреттің астына ешқандай пікір қалдырмаған не тыңдарманның сауалына жауап қатпаған болатын.

Кейін ұзын құлақ Ақбота Керімбекова екеуінің шаңырақ көтергелі жүргенін хабарлады. Десе де, Ақбота ханым араларында достықтан өзге ешнәрсе жоқ екенін айтып, қауесетті жоққа шығарды. Уақыт өте келе, бұл әңгіме де "жабулы қазан" күйінде қалды.

Естеріңізде болса, өнер жұлдызының шалт басқан қадамын аңдып отыратын әлеуметтік желі пайдаланушылары биыл тамыз айында тағы да бір рет шу ете түскен болатын. Оған тағы да сол әншінің өз Инстаграм парақшасында жарияланған мына төмендегі фото себепші болды.



Абай Бегей әлеуметтік желідегі парақшасына жап-жас қызбен түскен суретін салып жұртты тағы да қызықтырып, "әуре-сарсаңға салып" қойды. Желі қолданушыларының бірі оны үлкен қызы деп ойласа, енді бірі көңіл қосып жүрген адамы болуы мүмкін деп болжаған болатын.

Бүгін міне, жеке өмірін әлі де жұмбақ күйде ұстап келе жатқан әншінің сырын сахнадағы әріптесі Нұрлан Еспанов жұртқа жайып салып отыр. 



Айдар Жанаев
нравится:    3629
Теги: Жұлдыздар әлемі, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии