|    |  
18 қазан 2019
16:33
қаз
Абай Бегейдің әйелі алғаш рет сұхбат берді
20 қыркүйек 2019, 16:05 263
Екі жыл бұрын жаңадан шаңырақ көтерген Абай Бегейдің екінші жары Фариза Жұманова алғаш рет «Бір сұрақ» бағдарламасына сұхбат беріп, жарымен қалай танысқанын айтты.


 
«Тақсырмен біз менің ең жақын құрбым Гүлдананың тойында таныстық. Басында ондай ешқандай әңгіме болған жоқ. Кейін араласа келе, ол кісінің қарапайымдылығына, кішіпейілділігіне, тәрбиелілігіне қызықтым.

 Тақсыр деймін, бірақ бұл менің қалауым. Өзі осылай айт деп сұраған жоқ. Құрмет ретінде, жақсы көретінім үшін тақсыр деп атаймын.Танысқаннан кейін ертесі күні Айнұр деген досы маған ол кісінің ниеті бар екенін айтты.Үш-төрт кездесуден кейін өзім ойланып әке-шешеме айттым. Негізі әкем де, анам да басында қарсы болды. Әкем "төрт баласы бар ер адамда не шаруаң бар" деді. Анам шок болды, мүлде ештеңе айта алмады. Бала-шағасы бар адамға шығады деп ойламаған мүлде. Мен ата-анама "қабылдаған шешімім осы, мені қолдауларыңызды сұраймын" деп айттым. Танысты, сөйлесті. Кейін разылығын берді» , - дейді Фариза Жұманова.
 
 


Жаңалықтар