24 Ноябрь
18:59
Астана: -3 °C
Алматы: 4 °C
USD/KZT: 330.00
EUR/KZT: 390.72
RUB/KZT: 5.65
CNY/KZT: 50.13
Әлем жаңалықтары
29 қазан 10:49
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Абай Құнанбаевтың бәкісі 23 мың долларға саудаланып жатыр

Семей тұрғыны Абай Құнанбайұлының бәкісі 23 мың долларға сатпақ. Ислам Жұматаевтың айтуынша, ұлы ақын кезінде бұл пышақты оның атасына сыйлаған екен. Бірақ мұны ауызша айтқанымен, қарияның қолында нақты дәлел жоқ. Ал жергілікті мұражай мамандары қаншама дерек көздерін ақтарып көргенімен, оған қатысты мәлімет таба алмаған.  

1890 жылдары Абай елін қатты жұт жайлапты. Сол кезде үйір жылқыны аман алып қалу үшін Мейрамғали деген байдың қыстауында бір жыл отырған екен. Бәкі сол байдың баласына сыйға тартылған көрінеді. Енді ақсақал әулетте бір ғасырдан аса уақыт бойы сақталып келген құнды затты сатуға бекініп отыр.

Ислам Жұматаев, Семей қаласының тұрғыны:

-Текке бермеймін. 23 мың доллар ақша. Маған сол үйіме жетпеген ақшаға жігіттер көмектессе, сол адамға беремін. Соншама жыл сақтап келіп, ешкімге тегін бермеймін.

Бәкі жезбен көмкеріліп, мұсылманша безендірілген. Жүзі әлі бір рет те қайралмапты. Ал жергілікті мұражай мамандары кезінде Абай елін жұт жайлап көшкенін растағанымен, бәкіні сыйға тартқаны жөнінде ешқандай дерек таппаған.

Мейрамгүл Қайрамбаева, Абай қорық-мұражайы директорының орынбасары:

-Біздің мұражай қорында сақталған естеліктер мен ұрпақтарының жазбаларының ешқайсында осындай затты Абай біреуге сыйға тартты деген дерек жоқ. Мүмкін, әлі іздеу керек шығар. Сонда мәліметтің табылып қалуы да ғажап емес. Бірақ бүгінгі күнге дәлелдеме негізі өте аз болып тұр.

Ақсақалдан бәкіні сатып алмақ түгілі мұражайға тегін өткіземін десе де, мамандар қабылдамаймыз деп отыр. Себебі, ол арнайы тексерістен өтпеген және бәкіге қатысты ешқандай нақты дәлел жоқ. Ал оны тексерістен өткізу қомақты қаражатты талап етеді. Ондай ақша ақсақалдың да және мұражай қызыметкерлерінің қолында жоқ.

Ақсақал бәкіні 2009 жылы Алматыдағы Әбілхан Қастеев мұражайы мен Мәдениет министрлігіне де апарып көрсеткен. Олар тек бұл затты шет жаққа асырмауды өтініпті. Енді тарихи затты елімізде сатып алушы табылмаған жағдайда Ислам Жұматаев, оны интернет арқылы аукционға шығармақ ниетте.  

​Baq.kz 
нравится:    977
Теги: Қоғам,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии